AZATTYQ.ORG. «Қытайда із-түзсіз жоғалған этникалық қырғыздар көбейді» - Қытайда этникалық қазаққа тұрмыс құрған ұлты қырғыз Асемгүл Алтынбекқызы мен оның отбасы із-түзсіз жоғалған. Туыстарының айтуынша, Асемгүлдің күйеуі түрмеде. Қытайдағы жақындарынан хабар ала алмай отырған өзге қырғыз азаматтары да бар.
«Қазақстанды айналып өткен "Қырым көпірі"» - Қазақстан кинотеатрларында көрсетіледі деп жоспарланған ресейлік "Крымский мост. Сделано с любовью" ("Қырым көпірі. Махаббатпен жасалған") комедиясы елде көрсетілген жоқ. Дистрибьюторлар "фильмге сұраныс болмады" дейді. Қазақстан аннексияланған Қырым тақырыбын алғаш айналып өтіп отырған жоқ.
«Ресей құрамында Қырым татарларының болашағы жоқ» - Қырым татарларының жетекшісі Мустафа Джемилев Азаттықтың "Idel.Реалии" сайтына берген сұхбатында Украина мен Ресейдің тіл саясатын салыстырып, Владимир Путиннің қателігі мен Қырымдағы татарлардың қуғынға ұшырауы туралы айтты.
«Ресей "Украина тыңшысын" қалай соттады?» - Ресейлік ФСБ қызметкерлері "жарылғыш зат жасаған" Глеб Шаблийді ұстап, "кінәсін мойындатқан". Оны "Украина барлау қызметінде жұмыс істеді" деген айыппен соттады.
QAZAQTIMES.COM. «Brexit жоспары Тереза Мэй билігіне нұқсан келтірді» - Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығуы әлі күнге дейін талқыланып жатыр.
«”Эйр Астана” қашанғы алаңдата береді?» - Жақында «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. КС 935 рейсін орындаған ұшақ Алматыдан Куала-Лумпурды бетке алған. Оның алдында 11 қараша күні КС1388 рейсін орындаған тағы бір ұшақ Португалия территориясында қауіпті жағдайға ұшырай жаздап, әупірімдеп жерге қонған еді. Альверка әуежайынан ұшып шыққан лайнер біраздан соң апат сигналын бере бастаған. Әуе кемесі сол жақта техникалық қызмет көрсетуден өтіп, Қазақстанға қайтуы тиіс болған.
«Эмомали Рахмон аймақтық көшбасшыларға “мұрагерін” таныстырмақ» - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон аймақтық көшбасшыларға «мұрагерін» таныстырмақ. Қараша айының 16-ы күні ресми Душанбе үлкен мерекеге дайындалуда. Дәл осы күні ел президенті Эмомали Рахмонның өмір бойы жеткен жетістіктерінің алдыңғы қатарынан орын алатын Рогун гидро электр станциясының алғашқы турбинасы іске қосылады деп жоспарлануда.
AIKYN.KZ. «Шерхан Мұртаза: Нағыз халық ақыны – Есенқұл Жақыпбек» - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Президент стипендиясының иегері, Мәдениет саласының үздігі, ақын Есенқұл Жақыпбек 5 жыл бұрын, дәл осы күні өмірден өткен еді.
ABAI.KZ. «Қазақ неге рушыл?» - Өз елім туралы жазyыма қазіргі қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтар түрткі болды. Ақпарат легі қарқындап жүріп жатқан қазақ қоғамында, өз елімде алауыздық болмаса екен, кешегі көзқарасы бір саясаткерлер, дос-жарандар, қарапайым қазақтар арасына қоғамдағы қарама-қайшылықтарға байланысты жік түспесе екен деймін.
BAQ.KZ. «Отыз жылдан кейін антибиотиктер адам ағзасына әсер етпейді» - Ғылыми оқулықтарда антибиотик мәселесі қоғамдық денсаулық мәселесі екені айтылады. Антибиотикті орынсыз қолдануды қазір доғармасақ, елу жылдан кейін жыларман күйде болатынымыз сөзсіз.