AZATTYQ.ORG. «Инфляция «азайса да», баға өсіп барады» - Қазақстанда қазан айындағы инфляция деңгейі қыркүйектегі көрсеткіштен өзгермеген. Ал жылдық көрсеткіш тіпті «азайған». Ресми статистикаға сәйкес бағаның өсуін тежеген негізінен азық-түлік тауарлары екен. Бірақ тұтынушылар, керісінше, бағаның өсіп бара жатқанын айтады.
«Жас композитор Қазақстанда оқуды армандайды» - Моңғолия астанасы Улан-Батор қаласында тұратын этникалық қазақ Бердібек Дәулетбекұлы елдегі танымал "Mongolia’s got talent" (Моңғолия таланттары) телешоуына қатысып жатыр. Жас әнші, композитор Азаттыққа берген сұхбатында өнерге қалай келгені туралы, болашақ жоспары жайлы айтып берді.
DALANEWS.KZ. «Қазақстанды әлеуметтік ел деп айтуға бола ма?» - Әлеуметтік саясат қалай жүргізілуі тиіс? Одақ аясында ортақ әлеуметтік саясат құру қаншалықты мүмкін?
«Заманбек» - Осыдан 13 жыл бұрын, 2005 жылдың 12 қарашасында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов үйінен өлі күйінде табылды. Бұл Қазақстан кезекті «мерзімінен бұрын» Президенттік сайлауға дайындалып жатқан шақ болатын. Кеуде тұсынан екі, басынан бір оқ тиген Нұрқаділовтің өлімі қоғамда түрлі әңгіме туғызды. Тергеушілер оның өлімін «өз өзіне қол жұмсау» дегенімен, қоғамдық орта оның өлімі туралы шындық ашылған жоқ деп болжайды. Нұрқаділов тірі болса 15 қаңтарда 77 жасқа толар еді…
QAZAQTIMES.COM. «Ермұрат Бапи: Алдағы сайлауға Назарбаевтың өзі дайын емес» - Соңғы уақыттары елімізде түрлі күмәнді заңдар қабылданып, халыққа сан алуан жеңілдіктер жасалып, мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізуге дайындық жұмыстарының алғышарттары жасалып жатыр. Осыған байланысты бүгін біз 20 жылдан астам уақыт бойы билікке шама-шарқы жеткенше оппонет болып келе жатқан «Дат» жобасының жетекшісі, газеттің бас оқырманы Ермұрат Бапимен сұхбаттасуды жөн көрдік.
TURKYSTAN.KZ. «Эйнштейннің ғашығы – КСРО-ның жансызы» - ХХ ғасыр екі бірдей қоғамдық формацияның негізін қалаған алпауыт елдер – КСРО және АҚШ-тың бәсекелесуімен өтті. Әрине, түптің түбінде соңғысы жеңді. Түрлі саяси ойындар болды. Соның ішінде әлемнің тағдырын өзгертетін, қай мемлекеттің де үстемдігін қамтамасыз ететін қару – атом бомбасын бірінші болып иелену жолында жанталас болғаны белгілі. Бұл тайталаста көсемдер жылы кабинеттерінде отырып, ойын қағидасын белгіледі де, қарапайым адамдар әлемнің тағдырын шешетін нағыз ойыншыларға айналды.
AIKYN.KZ. «Қанша айыппұл төлейсіз?» - Көлікті мас күйінде жүргізсе (немесе көлігін ішімдік ішкен адамға басқартса) – Көлік жүргізу құқығынан 3 жылға айыру.
INFORMBURO.KZ. «Тоқал тақырыбы Парламентті толқытып барып, Конституциялық кеңеске жетті» - Конституциялық кеңесі некелі және некесіз бала босанған әйелдерді материалдық қамтуды теңдестіруді ұсынды.