Атырау, 26 желтоқсан 13:21
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қытайлардың у-шуы

2 573 просмотра

13 тамызда кешкісін қала шетінде орналасқан «ЕвразияСтройКапитал» ЖШС жатақханасының маңында қазақ және қытай жұмысшыларының арасында төбелес орын алды.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, төбелес шығарған 30 адамды полиция наряды тоқтатқан. Олар тәртіпсіздік болған жерге куәларды тартқан. Зардап шеккен 4 адам облыстық ауруханаға жеткізіліп, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылған.

Қазақ және қытай жұмысшыларының жұдырықтасу фактісін «Синопек Инжиниринг» компаниясының аудармашысы  Джау Кю ЮАНЬ растап отыр:  

- Иә, ЕвразияСтройКапиталда бір жанжал туындады. Не екенін анық білмеймін. Тамыздың 14-і күні олар жұмысқа шыққан жоқ. Төбелеске 5 немесе 7 қытай қатысқан. Олардың бәрі де ауырып қалды.

Оқиға кезінде жәбірленушілер арасында қытай жұмысшылары болғанын қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлері де растады. Медицина қызметкерінің айтуынша,  «қытайлықтар мас болған».

Біздің дерек бойынша, төбелеске аспанасты елінің азаматтары мен Қытайдан келген оралмандар - Қазақстан азаматтары қатысқан.

Сондай-ақ, хош иісті көмірсутек құрылысы кешенінде «ЕвразияСтройКапитал» ЖШС-нің қосалқы мердігері ретінде жұмыс істеп келе жатқан Атырау мұнай өңдеу затуытының басшылығы «Синопек Инжиниринг» бас мердігер компаниясының басшылығына жаппай төбелес фактісі бойынша шұғыл түрде брифинг өткізуді сұрады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

16 тамыз 2012, 01:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.