AZATTYQ.ORG. «Билікке сенбеген депутат дүниесін әйелінің атына жаздырады» - Қырғыз депутаттының әрекеті заңға қайшы болмаса да, оны сарапшылар оң бағаламайды.
«Орыстарды Ресейге шақыру және олардың реакциясы» - Қазанның соңында Ресей президенті Владимир Путин 2019-2025 жылдарға арналған миграциялық саясаттың жаңа тұжырымдамасын бекітіп, шетелде тұратын орыстарды «Орыс әлемін» нығайтуға шақырды, «көшіп келсе жағдайларын жақсартамыз» деп уәде берді. Бұл туралы Қазақстанда тұратын орыстар мен сарапшылар не ойлайды?
«Әлем жетекшілері тарихи күнді қалай атап өтті?» - Парижде Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына жүз жыл толуына орай еске алу шаралары өтті. Оған жүз жыл бұрын майданда бір-бірімен шайқасқан жауынгерлердің ұрпақтары, отыздан астам мемлекеттің басшылары қатысты.
QAZAQTIMES.COM. «17 жылдық соғыстан кейін Ауғанстан мәселесін қару шеше ме, қалам шеше ме?» - Мәскеуде 17 жылдан кейін алғаш рет Ауғанстанда бейбітшілік орнату туралы сөз бола бастады. Диалог орнатуға Ауғанстан үкіметі төрт лауазымды тұлғасын Мәскеуге аттандырды. Мәскеудегі диалог үстеліне Талибан қозғалысы да алғаш рет өз өкілін аттандыруға келісім берді. Сондай-ақ, АҚШ бұл келіссөзге бақылаушы ретінде қатысса, үстел басында Үндістан, Қытай, Иран, Пәкістан өкілдері болмақ. Ауғанстан бейбітшілігін тақырып еткен бұл келіссөз «Мәскеу форматы» деп аталған.
«Британия: “Путиннің шпиондық әрекеттеріне санкция арқылы тосқауыл болу керек”» - Британия ЕО-ның Ресейге қарсы жаңа санкцияларының қатарына химиялық қаруды жасауға және қолдануға қатысы бар адамдар мен «Путиннің шпиондық әрекеттеріне» қарсы қаулыларды енгізуді талап етті. Бұл туралы «Times» мәлімдеді. Бұл шараны Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның Британдық Солсбериде улануына жауап ретінде енгізу ұсынылды.
«АҚШ-Қытай арасындағы диалог Тайуан мәселесін көтере бастады» - АҚШ-Қытай қатынасы күрделі сауда қақтығысында тұр. Екі елдің ұзаққа жылдарға созылатын әрі сұрапыл стратегиялық бәсекелестік байланыс кезеңіне өткенін бұдан бұрын да айтқан едік.
ABAI.KZ. «Заманбек және Желтоқсан» - Бүгін қазақтың алып ұлы, қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің шейіт кеткен күні. Соған орай белгілі режиссер Қалдыбай Әбеновтің Abai.kz ақпараттық порталына арнайы жазған "Заманбек және Желтоқсан" деген мақаласын оқырман назарына ұсынып отырмыз!
INFORMBURO.KZ. «АҚШ-қа грин картамен 9 жыл бұрын көшкен қазақ үш пәтер алып үлгерген» - Тараз қаласында туған Арман Жаңабаев informburo.kz тілшісіне АҚШ-қа кету себебі мен жаңа құрлықтағы жетістіктері, "америкалық арман" жайлы әңгімелеп берді.
QAMSHY.KZ. «Америкалық журналистер Назарбаевтан кейін кім президент болатынын болжады» - Вашингтонда шығатын Diplomat газетінде «Назарбаевтан кейін Қазақстанды кім басқарады?» деген мақала жарияланды. Онда қазіргі ел алдында жүрген саясаткерлердің қайсысы Нұрсұлтан Назарбаевтың орнын басуы мүмкін екенін болжаған. Мақаланы ықшамдап, қазақ тіліндегі нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз.
«Ресей ССРО-ның ыдырауын қайталай ма?» - АҚШ-тың қысқа және орта қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен шығу туралы мәлімдемесі әлем жұртшылығын, ең алдымен Ресейді ойран-асыр қалдырғаны рас. Қазіргі кезде осыған қатысты жүріп жатқан келісісөздер мен пікірлердің барлығы да «ары қарайғы жағдай қалай болады?» дегенге саяды.