Атырау, 26 желтоқсан 12:51
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Ұстаздарға реніш көп

1 994 просмотра

Атырау облыстық балалар құқығын қорғау департамен-тінде төрт жыл қатарынан жедел желі жұмыс істеп келеді. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында келіп түскен қоңырауларға жасалған талдаудың қорытындысы бойынша, хабарласқандардың 34,1 пайызы оқу кезіндегі балалардың құқығының бұзылуына, мектептегі даулар мен педагогтар тарапынан қол көтеру фактілеріне қатысты.

- Біздің департаменттің жедел желісі балаларға да, үлкендерге де арналған, – дейді балалардың құқығын қорғау департаментінің бас маманы Әлия ОМАРОВА. Облыс бойынша небәрі 11  сенім телефоны жұмыс істейді – соның төртеуі Атырау қаласында және облыстың әр ауданында бір-бірден орнатылған.  Сенім телефондарының жұмысы туралы балаларды мектептен ақпараттандырамыз, сондай-ақ, ата-аналардан біздің телефон нөмірін үйде көрнекті жерге қалдыруын өтінеміз.

Келіп түскен қоңыраулардың үштен бір бөлігінен астамы баланың құқығының бұзылу фактілері мен мектептегі даулы мәселелер, педагогтар тарапынан қол көтеру жағдайларын құрап отыр.  

- Біздің басты мақсат – қиын жағдайда қалған әрбір балаға көмектесу. Өкінішке орай, барлық мәселені департамент мамандарының күшімен шешу мүмкін емес. Ондай кезде қайда барып жолығуға болатынын айтып, жол сілтейміз, - дейді А.Омарова. –  Бірінші жартыжылдықта жедел желіге келіп түскен сауалдардың 59 пайызы балалардың құқығын қорғау департаментінің көмегімен,  41 пайызы – басқа мекемелер  арқылы шешілген.

Атырау облыстық балалардың құқығын қорғау департаментінің сенім телефоны - 27-24-53, e-mail: bala-atyrau@mail.ru, сондай-ақ, департаменттің өз сайты бар: www.bala-atyrau.kz.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 тамыз 2012, 00:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.