Атырау, 18 желтоқсан 20:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Мұнай бағасы көтеріліп, Атырау бюджеті де көбейді

3 337 просмотра


Үш жыл бұрын Атырау облысының бюджеті 160 млрд теңге болса, келесі 2019 жылы ол 215 млрд теңге көлемінде жоспарланып отыр. Мұндай қомақты өсім билік үшін тосын әрі қуанышты болған әлемдік мұнай бағасының көтерілуімен байланысты.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, келер жылы мұнайдың бір баррелі 66,7 доллар болады деп болжануда. ҚР парламентінің мәжілісі 31 қазанда мақұлдаған 2019 жылдың републикалық бюджеті де осы цифрға сүйеніп жасалған. Соған сәйкес аймақтық бюджеттер, әсіресе, Атырау бюджеті көбейеді.

Ал, облыстық әкімдіктің мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 10 айы ішінде Атырау облысында тіркелген  жер қойнауын пайдаланушы 30 кәсіпорын республикалық бюджетке және Ұлттық қорға салықтар мен салық емес төлемдер, соның ішінде, мұнай шарттарын бұзғаны үшін 1 трлн 862 млрд 350 млн теңге төледі. Осы кезең ішінде облыстағы мұнайшылар 40 млн тонна мұнай өндірді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға көп. Үкіметтегілер мұнай өндіру жалпы ел бойынша 2019 жылға қарай 88 млн тоннаға дейін, 2023 жылға қарай 99 млн тоннаға дейін көбейеді деп болжайды. Мұнай өндірісі Қашаған мен «Теңізшевройл» компаниясының Келешек Кеңею Жобасын жүзеге асыру есебінен көбейеді деп көрсетіліп отыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қараша 2018, 22:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.