Атырау, 29 қараша 07:37
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​«Атырау облысының 2016 жылғы бюджеті – 160 млрд теңге»

5 869 просмотра

Келер жылы «Атырау» футбол клубын ұстауға 531 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы 2016 жылғы облыс бюджетін бекітуге арналған облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА хабарлады.

Мұнай бағасының құлдырауы және бір баррель 30 долларға дейін құлдыраған жағдайда үкіметтің әзірлеп жатқан жоспары секілді жаһандық құбылыстар жөнінде айтылмады.

А.Әжіғалиева депутаттарға 2016 жылғы бюджеттің кіріс бөлігі биылғы жылға қарағанда 15,7 млрд теңгеге көп болып, 160 млрд теңгені құрайтынын хабарлады. Облыстық бюджеттен республикалық бюджетке алынатын қаржы – 12 млрд теңгеге көбейіп, 73,2 млрд теңгені құрайды.

2016 жылғы бюджет шығындары бабына, атап айтқанда, Атырау қаласы, Құрманғазы, Қызылқоға және Жылыой аудандарындағы коммуналдық баспана құрылысының; «Ақбұлақ» бағдарламасын жалғастыру; Махамбет поселкесінде Жайық арқылы өтетін көпір құрылысын аяқтау; Индер ауданының Жарсуат, Бөдене, Құрылыс және Индербор, Мақат ауданының Доссор поселкесінің, Жылыой ауданының Шоқпартоғай және Ақкиізтоғай ауылдарының жолдарын күрделі жөндеу шығындары салынған.

Республикалық бюджеттен Нұрсая ықшамауданы мен Доссор поселкесінен мектеп салуға, Жайықтың гидрологиялық режимін жақсарту шараларын жүзеге асыруға, Атырау қаласында инженерлік коммуникациялар салуға, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасын және кәсіпкерлікті қолдау шараларын жүзеге асыруға трансферттер бөлінеді деп күтілуде.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 желтоқсан 2015, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.