Атырау, 12 желтоқсан 08:25
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Село жаңалықтары

1 742 просмотра

СЕРПІНДІ ІСТІ БАСТАҒАЛЫ ТҰР

Қызылқоға ауданындағы «Талап» несие серіктестігі» ЖШС ауылдағы жеке кәсіпкерлердің жұмысын жандандыру бағытында құрылған болатын.

10 млн теңгеге қол жеткізгендер өздерінің бизнес-жоспарларына сәйкес Жайлау ТАЛАСОВ Сағыз селосынан фотосалон, Сапура СҰЛТАНОВА Миялыдан монша, Зәмзәгүл БЕКЕШОВА азық-түлік қоймасын, Марат ЕСЕНОВ ағаш өңдеу цехтарын ашып, іске қосқан болатын. Енді серіктестік мүшелері 49 млн теңгеге қосымша сұраныс беріп, жылыжай, наубайхана, сұлулық салонын ашуды жоспарлауда.

 

*   *   *

ЖЫЛУСЫЗ КҮНІҢ ЖОҚ

Жылыой ауданындағы 20 мектеп жаңа оқу жылына дайындықты бастап кетті. 

30 млн 389 мың теңгеге 6 мектептің жылу қазандықтарын ауыстыру, 45 млн теңгеге 5 мектептің жылу жүйесін күрделі жөндеуден өткізу қолға алынған. Бүгінде барлық мектептерде косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілген.

*   *   *

30 ҮЙ ПАЙДАЛАНЫЛУҒА БЕРІЛДІ

Индер ауданында тұрғындар баспана проблемасын өз қал-қадірінше шешуде.

Мәселен, осы жылдың алты айында 30 үй пайдаланылуға берілген. Бұл істе Елтай, Көктоғай, Өрлік, Жарсуат ауылдарының тұрғындары ыждағаттылық танытып отыр. Бірақ бұл аудан үшін түк емес, себебі өткен жылдың алты айында 57 үй пайдаланылуға берілген. 

*   *   *

ЛИЦЕНЗИЯСЫЗ АЛТЫ ЖЫЛ

Жылыой аудандық сотында психологиялық түзету кабинетінде лицензиясыз жұмыс істеп келген мамандардың ісі қаралды.

Кабинет меңгерушісі денсаулығында ауытқушылығы бар балалармен арнайы лицензиясы бар мамандар ғана жұмыс істеуі тиіс екендігін біле тұра, немқұрайлылық танытқан. Аталмыш кабинетте 2006 жылдан бері лицензиясыз жұмыс істеп келген массажист пен невропатолог, дене шынықтыру мамандары оны алуға енді ғана жұмыстануда. Ал кабинет меңгерушісіне әкімшілік жаза ретінде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 48 540 теңге айыппұл салынды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 тамыз 2012, 00:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.