Атырау, 19 желтоқсан 02:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Баспанаға бастар жол», «А.Ахметжанұлы: "Біреуі көшіріп, біреуі сатып алатын балл түбімізге жетеді"», «Терроризм айыбымен сотталып шыққандарға "кедергі көп"», «Путин кеткеннен кейін билік үшін күрес басталады»

2 658 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Терроризм айыбымен сотталып шыққандарға "кедергі көп"» - Экстремизм және терроризм айыбымен жазасын өтеп шыққандар банктен есепшот ашарда, жұмысқа орналасарда қиындыққа тап болатындарын айтады.

 QAMSHY.KZ. «Назарбаев 31 жыл бұрын: Қонаевтан көресіні көрдік» - СОКП ОК мүшесі, Қазақ ССР Министрлер кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Халықтар достығы» журналының арнайы корреспондеті А.Никишинаның сұрақтарына жауап береді.

«Юань долларды халықаралық мінбеден құлатуы әбден мүмкін» - Астанада өткен стратегиялық бастамалар форумында белгілі экономист-сарапшы  Олжас Құдайбергенов Қазақстан экономикасына қатысты бірқатар болжамдарды алға тартты. Соның бірі – болашақта халықаралық валюта ретінде юаньнің беделінің өсе бастайтыны сөз болды.

«Ёсихиро Фукуя́ма: Путин кеткеннен кейін билік үшін күрес басталады» - Ёсихиро Фрэ́нсис Фукуя́ма – түп атасы жапондық, америкалық философ-ғалым. Оның атағы «Тарихтың ақыры және соңғы адам» атты кітабынан кейін әлемге әйгілі болды. Әлемнің 20 -дан астам тіліне аударылған.

ABAI.KZ. «Аятжан Ахметжанұлы: "Біреуі көшіріп, біреуі сатып алатын балл түбімізге жетеді"» - Білімді ұрпақ — ел ертеңі! Бала кезде алған сапалы білім адамға өмірлік азық болмақ. Алайда еліміздің білім саласы сәл ақсап тұрғаны шын. Қоғам тарапынан білім беру қызметкерлеріне айтылатын сын да аз емес. Себебі, әрбір ата-ана өз баласының сапалы білім алып, саналы азамат болғанын қалайды. Сол мақсатпен балаларын түрлі қосымша сабақтарға қатыстырады.

TTJK.KZ. «Баспанаға бастар жол» - Мемлекет басшысының бастамасымен жаңадан «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы жарияланды. Бұл бағдарламаның көмегімен төлемге қабілетті ҚР-ның әр азаматы баспаналы бола алады.

"Халық банкінің» жаңа кезеңі" - Еліміздегі ең алпауыт қос банк толыққанды біріккеннен кейін Халық банк JanaHalyk атты жаңғыру бағдарламасын іске қосты. 

INFORMBURO.KZ. «Сағадиев батырлар жырын жаттай ала ма? Абаев жалғастырған эстафета білім министріне жетті» - Қазақта батырлар жыры – бала тәрбиесінің басты құралы болған. Соны ескерген бірқатар танымал азаматтар батырлар жырын оқып, эстафетаны бір-біріне жолдады.

QAZAQTIMES.COM. «Қытайдағы Еуропа сауда палатасы: Қытай басшысының құрғақ уәдесі жеткіліксіз» - Қытайдағы Еуропа сауда палатасы Қытай басшысының баяндамасын сынға алды. Қытай басшысы Ши Жинпиң 5 қараша күні Шанхай халықаралық имппорт көрмесінде жасаған баяндамасында, импорттық тарифтерді төмендетіп, нарыққа қолжетімділікті кеңейтуге, шетелдік тауарлардың импорт көлемін арттыруға уәде берген болатын. 

«Конгресс сайлауы: Трампқа импичмент жариялана ма?» - АҚШ-та аралық сайлаудың алдын-ала нәтижелер белгілі болды. Республикалық партия аралық сайлауда 50 орынға ие болып, Сенаттағы орнын сақтап қалды. Биылғы аралық сайлау бұрынғыдан өзгерек: саяси ойын мен плюрализмге толы.


9 қараша 2018, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.