Атырау, 19 желтоқсан 01:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қаржы саясатын сынап, "қысымға ұшыраған" экономист», «Азат Перуашев: Ысырапшылдыққа шектеу қою керек», «Орталық Азияда журналистер "биліктен жасқанады"», «Путин бәрін біледі…», «Демократ өкілдер жеңісінің Трампқа әсері не?».

2 896 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қаржы саясатын сынап, "қысымға ұшыраған" экономист» - "Зейнетақы қорының қаржысы ақталмайтын жобаларға жұмсалып жатқаны және біршама жылдан кейін қорда ақша таусылатынын" болжаған экономист Айман Тұрсынхан өзіне "қысым жасалып жатқанын" айтады. Ол Бас прокуратураға "жеке бас қауіпсіздігіне алаңдап" шағым түсірген. 

«Демократ өкілдер жеңісінің Трампқа әсері не?» - Республикашылдар Конгрестің екі палатасында көпшілік болып отырғанның өзінде президент Дональд Трамптың кейбір саясатымен келіспей қалатын. Жаңа сайлауда демократтар Өкілдер палатасында көпшілікке айналған соң не болмақ?

«Орталық Азияда журналистер "биліктен жасқанады"» - Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сөз бостандығы жиыны өтіп жатыр. Шараға келген ЕҚЫҰ өкілі Орталық Азия елдерінде журналистерге кедергі көп екенін айтты. Ал Қазақстан ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев бұл пікірмен келіспейді.

QAZAQUNI.KZ. «Азат Перуашев: Ысырапшылдыққа шектеу қою керек» - Қымбат мейрамхана, эстрада жұлдыздары, арнайы шоу-программа. Бұның барлығы енді қара тізімге кіреді. Осылайша халық қалаулары қазақстандықтардың тойындағы ысырапшылдығын тоқтатып, прагматизмге үйретпек ниетте. Қарызға белшесінен батып, жиған-тергенін қуанышына жарататын қазақ бұл бастаманы қалай қабылдайды? Шенеуніктердің ойы қандай?

ELORDA.INFO. «Кенесары ханның Ақмола бекінісіндегі шайқасы» - ХІХ ғасырдағы патша отаршылдарына қарсы жүргізілген барлық соғыстар ішінен Алаш елінің екі тарихи ұрысын ерекше атап өтуге болады. Олар – Ақмола шайқасы және киелі Түркістан үшін болған қантөгістер. Қазақ тарихындағы бұл ұлы шайқастар хан Кенесары Қасымұлы және оның ұлы Сыздық сұлтан есімдерімен тығыз байланысты.

365INFO.KZ «Шыдай алмадым…» - Бейсен Құранбек ащы шындықты айтты.

«Путин бәрін біледі…» - Сарапшы орыстардың неге көшіп жатқанын айтты. Статистика комитетінің дерегінше, былтыр Қазақстаннан 37 725 адам көшкен. Оның 32 874–і  Ресейден қоныс тапқан. Төлқұжат ауыстырғанның 72,3 пайызы орыс екен.

TENGRINEWS.KZ. «Мобиль құрылғыларды тіркеу. IMEI-код туралы білу керек кеңестер» -  IMEI-код дегеніміз не? IMEI код - құрылғы, кепілдік талонында және телефон қорапшасында көрсетілген 15 цифрдан тұратын сериялық нөмір. Ол SIM-карта жұмыс істейтін барлық құрылғыда бар. Код SIM карта ұяшығына жазылады, яғни құрылғыда екі слот болса, онда оның екі IMEI коды болады. 

SPUTNIKNEWS.KZ «Қазақстанда жер учаскесін беру тетігі өзгереді» - Мәжілісте "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

8 қараша 2018, 09:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.