Атырау, 12 қараша 09:15
 дождьВ Атырау +4.1
$ 444.76
€ 495.37
₽ 5.37

​"215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар". Бас прокурор энергетика вице-министрін айыптады

2 560 рет қаралды


Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаров энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаны ақша жымқырды деп айыптады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Таяуда тағайындалған вице-министр Анатолий Шкарупаға заң тұрғысынан қатаң айып бар, Саран қаласының бұрынғы әкімі (Қарағанды облысы - авт.). Оның 2015 жылы орталық жылытуы жоқ Саран қаласына есептеу құрылғысын бекітуге бөлінген 215 миллион теңгені жымқыруға қатысы бар", - деді Қожамжаров Ақордадағы Қауіпсіздік кеңесі отырысында.  

Оның айтуынша, есептеу құралдары бос қабырғаға бекітілген. Осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр.

Дереккөз: tengrinews.kz

7 қараша 2018, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.