Атырау, 26 желтоқсан 12:52
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Далада қалдырмайды

1 603 просмотра

Атырауда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге арналған алғашқы дағдарыс орталығы ашылды.  Өмірдің қиын жағдайына тап болған нәзікжандылар бұл жерді уақытша паналап қана қоймай, психологтың, заңгердің және медиктердің көмегіне жүгіне алады.

Орталықты ашуға облыстық бюджеттен 14 млн теңге бөлінген. Орталық 20 адамға, 18-і ересектерге және екеуі балаларға арналған. Мұнда барлық қажетті заттар бар – жайлы жатын бөлмелер, демалыс бөлмелері, асхана және т.б. Көмекке және қорғауға мұқтаж әйелдер ішкі істер органдары қызметкерлерінің жолдамасы арқылы дағдарыс орталығына орналаса алады. Орталықта бірнеше күннен үш айға дейін, жағдайдың қиындығы мен күрделілігіне қарай паналай алады.

Қазіргі уақытта орталықта тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған екі әйел мен олардың балалары уақытша пана тауып, кәсіби көмек алды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

16 тамыз 2012, 00:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.