ABAI.KZ. «Ресей құрдымға кетсе, біз де қоса батуға міндетті емеспіз...» - 8-9 қараша күндері Қазақстан мен Ресей басшылары Қызылжарда бас қосып екіжақты қарым-қатынасты айқындап алмақшы. Санкция салдарынан Ресей экономикасы күн санап құрдыраған үстіне құлдырауда.
«Қазақ, қайда барасың?» - Қазақты бір құртса «жақсысын – асыр, жаманын – жасыр» деген сөз құртады. Бұл кәдімгі Крыловтағы "өгіз боламын" деп мақтанып-мақтанып, ісініп жарылып өлген бақа сияқты бол деген сөз ғой.
AZATTYQ.ORG. «Совет символдары неге өміршең?» - AzattyqLIVE хабарында "Совет символдары неге өміршең?" тақырыбы талқыланып жатыр. Студия қонақтары – тарихшы Гүлжауһар Көкебаева және саясаткер Әміржан Қосанов.
«Атамбаев пен Өмірқұлов: ескі достардың ерегесі» - Иса Өмірқұлов – қырғыз парламентінің бірнеше шақырылымында депутат болған, кезінде "Қырғыз темір жолы" мемлекеттік кәсіпорнын басқарған, Бішкек қаласының мэрі болған. Оған жемқорлық бойынша айыптар да тағылды, тіпті қылмыстық іс те қозғалды. Сарапшылар Иса Өмірқұловтың Алмазбек Атамбаев басқаратын партиядан "жеке себептерге" байланысты қуылғанын айтады.
«Санадағы совет символдары» - Қарашаның 7-сі совет кезеңінде "Ұлы Октябрь революциясы күні" ретінде тойланды. Тоталитарлық жүйе күйреп, коммунистік идеология тарихқа айналса да, советтен қалған белгілер тұрмыста әлі де жиі кездеседі. Таяуда қазақстандық бір қолданушы "Советское" деген жазуы бар печеньенің суретін Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялады.
«Женевада Қытайдағы қысымға қарсы наразылық шарасы өтті» - Қарашаның 6-сы күні Женевада (Швейцария) БҰҰ ғимараты алдында жүздеген адам наразылық шарасын ұйымдастырды. "Қытай билігінен қысымды тоқтатуды талап еткендер арасында" этникалық қазақтар да болды. Бұл қалада БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі өтіп жатыр.
«Теңгенің құнсыздануы экспаттарды азайтқан» - Шетелдік жұмысшылар үшін елдің тартымдылығын бағалайтын "Expat Insider-2018" рейтингіне енген 68 мемлекет ішінде Қазақстан 49-орында тұр. Бір жылда Қазақстанның рейтингі 14 сатыға төмендеген.
«АҚШ-та ең бір тартысты аралық сайлау өтіп жатыр» - Конгресте саяси көпшілікке айналу үшін партиялар қызу тартысқа түскен сәтте 6 қараша күні америкалықтар ел тарихындағы ең бір тартысты аралық сайлауда дауыс беріп жатыр.
INFORMBURO.KZ. «Республикалық бюджетте "голланд ауруы" ескеріле ме?» - "Голланд ауруы" туралы анда-санда жазылып, үлкен кеңестерде айтылып жүр. Алайда кейбір БАҚ оның мән-жайын нақты, терең түсіндірмейді
DALANEWS.KZ. «Қазақстандағы орысты елге шақырған Путиннің өзі» - Статистика комитетінің дерегінше былтыр Қазақстаннан 37 725 адам көшкен. Оның 32 874 –і Ресейден қоныс тапқан. Төлқұжат ауыстырғанның 72,3 пайызы орыс екен.
«Қазақстан мен Американы не байланыстырады?» - АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росспен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Америка арасындағы қарым-қатынасқа сызат түспегенін, керісінше жаңа экономикалық байланыстарға жол ашылып жатқанын айтты.