Атырау, 15 қараша 09:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 493.85
€ 519.04
₽ 4.97

Енді бес күн шыдасақ болды

2 318 просмотра

Аптап ыстық тамыздың екінші онкүндігінің аяғына дейін созылады. Мұндай жағымсыз болжамды жергілікті синоптиктер айтып отыр. 

- Бірнеше күннен бері сынап бағанасы таңертеңнен бастап 37 градуcты көрсетіп отыр, – дейді Атырау гидрометрология орталығы ЕМК  кезекші синоптигі.  – Бұл күндері қалада ауа райы 37-39 градус температурадан төмендемей тұр. Шамамен осындай 2 градус әрі-бері жылжып отыратын жағдай екінші онкүндіктің аяғына дейін жалғасатын болады.

Әдетте синоптиктер цифрларға сақтықпен қарайды, дегенмен, қалада өте ыстық – 40 градустан асып түскеніне екі аптадан асты.

Мұндай ыстықты қалалықтар қалай бастан өткеруде?

Жедел жәрдем стансасының медицина бөлімі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Әлия ҚУАНОВАНЫҢайтуынша, олар тәулігіне шамамен 350 шақырту қабылдайды екен:

- Қыста да осындай шақыртулар түседі, сондықтан да бізде нақты маусымдық  ерекшеліктер жоқ,– дейді ол.  – Балалардың сырқатына байланысты түскен шақыртулар көбейіп олардың саны 100-ге жетті, жұқпалы  ішек аурулары мен салқын тиіп ауырғандар басым түсуде. Жалпы жол-қозғалыс оқиғалары болған орыннан, жүрек талмалары мен жоғары қан қысымына байланысты  шақыртулар баршылық. 

Облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Дәулен ЕЛЕУОВТІҢайтуынша, барлық кардиология бөлімінің стационарлық науқастары мынадай белгілермен жатыр:

- Ыстыққа байланысты қабылдау бөліміне бір-екі пациент қана келген, бірақ кардиограммаға түскеннен соң сырқаттары жоқ екендігі анықталды. Күннің қатты ысып кетуіне байланысты туындаған аурулардың легі жоқ, – дейді ол.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

15 тамыз 2012, 23:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.