Атырау, 10 желтоқсан 10:57
 бұлттыВ Атырау -3
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Ветеринар бәріне керек

1 726 просмотра

Өткен сәрсенбі күні облыстық әкімдікте «Дипломмен  ауылға!» мемлекеттік бағдарламасының орындалуы талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бағдарлама селодағы жетіспейтін білікті мамандардың орнын толтыру мақсатында жүзеге асырылуда және оларды тарту үшін мемлекет көшерақы (подъемные) және жеңілдік несиелер бөлді. Биылғы жылы селодағы қажеті басым мамандықтардың бестігіне ветеринарлар да енді.

Мәжілісте облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Бауыржан ОРЫНҒАЛИЕВ  бағдарламаның басынан бастап, яғни, 2009-2011 жылдары селоға аттанған 442 маманға 43,7 млн теңге көшерақы төленгендігін хабарлады. 167 маман тұрғын үй сатып алу үшін жалпы сомасы 252,9 млн теңге болатын несие алды. Селоға келген мамандардың басым бөлігі – дәрігерлер мен педагогтар.

Биылғы жылы 167 маман үшін 18,9 млн теңге көлемінде көшерақы бөлу қарастырылды. Олардың ішінен  26 маман көшерақыларын алып үлгерді. Тұрғын үй сатып алу үшін 73 маманға 177,2 млн теңге қарастырылды. Бүгінгі күні 17 маман несие алды (41 млн теңге).

Орынғалиевтың айтуынша, төлемдердің негізгі бөлігі – көшерақы, тұрғын үй алуға берілетін несиелер тамыз айынан бастап қарашаға дейінгі кезеңге келеді. Аудан әкімдеріне олардың игерілуін қадағалау тапсырылды.

Келесі бір маңызды мәселе – мемлекет қаржыларының өз уақытында қайтарылуы. Осы жылдың 1 тамызына дейін несиелерді 35 маман өтей алмай отыр, оның  12-сі  Құрманғазы, 8-і  Қызылқоға, бесеуі  Мақат аудандарында.

Облыс әкімінің орынбасары Серік АЙДАРБЕКОВаудандық әкімдіктердің тапсырыстарына қынжылыс білдірді. Жергілікті билік қажетті мамандарға өздері тапсырыс береді, алайда, олар бүгінгі күні облыс ауыл шаруашылығын қарқынды дамытуды көздеп отырған жағдайда ауыл шаруашылығы мамандарына тапсырыстарды аз беруде.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Бір маманға берілетін көшерақының мөлшері 70 АЕК-ті құрайды (1 АЕК – 1 618 теңге). Тұрғын үй алу үшін берілетін несиенің мөлшері –  1 500 АЕК-ке дейін. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық несие сомасынан  0,01%  мөлшерде.

15 тамыз 2012, 23:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.