Атырау, 26 желтоқсан 13:10
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Конверттерді босқа бүлдірді

4 288 просмотра

Үстіміздегі жылдың 3 тамызына жоспарланған Жайық пен Қиғаш өзендерінде резервтік балық аулайтын жерлерді бекіту жөніндегі тендер өткізілмей қалды.

Аймақтың екі ірі өзенінде бүгінгі күні 14 табиғат пайдаланушыға бекітіліп берілген 14 балық аулайтын орын бар. Олар өндіретін балық өнімдерінің ішінде барынша танымалы - көксеркенің жон еті әлемнің көптеген елдеріне жеткізіледі.

Кәсіпшілік балық аулау үшін жаңа учаскелерді тендерге шығаруға билікті не итермелеп отыр? Мұны анықтауға мүмкіндік туған жоқ. Жайық-Каспий балық шаруашылығы бассейндік инспекциясы әлдебір нөмірі  503-ші  үкіметтің қаулысына сілтеме жасайды.

Тендерге қатысу үшін Астанадан балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары  Бауыржан ЖҰМАЖАНОВ ұшып келді. 13 қатысушының құжаттары бар конверт ашылды. Бірақ, шешім қабылдау үшін комиссияның 5 мүшесі болуы тиіс екендігі анықталды, ал, оған қатысқаны төртеу болды.  Астаналық қонақ құр қол қайтты. Балық инспекциясындағылар енді жаңа тендердің уақыты жарияланатындығын және оған конверттің ашылып қалғандығы салдарынан жаңа құжаттар жинау қажет болатындығын айтып отыр.

Тендерден жеңгендерге – балыққа бай жерлерді 10 жыл мерзімге пайдалану құқығы беріледі. Жайықта тендерге қойылған балық аулау орындары өзен сағасынан алыс емес және балық мол болады деп уәде етілді. Жайық өзені бойынша тендерге қойылған балық аулау орындарының тізімінде – Еркінқала, Кіші Дамбы, Жоғары сол жақ Яицкая, Төменгі сол жақ Яицкая, Жаңа Лицевая, ескі Лицевая, Дамбы; Қиғаш өзені бойынша – Қарағаш, Бугачино, Бахыт, Золотёнок, Тимофеевская, Птичья, Ватажная, Төменгі Бугачино.

Заңдылық бойынша тендерге кез-келген ҚР азаматы қатыса алады. Бағыңызды сынап көріңіз! Бәлкім, бұл бизнесте сіз де ірі «балық» атануыңыз мүмкін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 тамыз 2012, 23:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.