AZATTYQ.ORG. «Солтүстік Кореяда әйелдерге зорлық жасау - үйреншікті жағдай» - Солтүстік Кореяда шенеуніктердің, әскерилер мен арнайы қызмет өкілдерінің әйелдерге сексуалды зорлық көрсетуі - үйреншікті жағдай, оларды ешкім жазаламайды. Елдегі жағдайды зерттеген адам құқығын қорғау ұйымы осындай қорытынды жасап отыр.
QAMSHY.KZ. «Қазақты несиеге байлап қойған көнерген теорияны қашан жаңартамыз?» - Қазір елімізде 5,1 млн адамның мойынында несие бар. «Аналитик» талдау орталығының мәліметінше, елдегі проблемалық несие қоры 1 трлн теңгеге жетіп, қайтарылмай қалған несие көрсеткіші 8 пайызды құраған.
«Керчь колледжіндегі жарылыс: 2018 жылы әлемде орын алған лаңкестік оқиғалар» - Әлем жарылыстар мен лаңкестік әрекеттерден әлі азат бола қойған жоқ. Ең соңғы осындай жантүршігерлік әрекет кеше 17 қазан күні Қырымның Керчь қаласында орын алды. Аталған колледждің студенті Владислав Росляков оқу орнында жарылыс жасап, артынан өзін-өзі атып өлтірді. Жарылыс пен қылмыскер атқан оқтан 19 адам қаза тауып, 40-тан астам адам жараланды.
INFORMBURO.KZ. «Қазақстанда биыл нан қымбаттай ма? Қанша астық жиналды?» - Былтыр СҚО-ның бірнеше шаруашылығында бидай жиналмай қалған болатын. Ал, биыл "ресми мәліметтің 10 пайызы нақты емес" дейді мамандар.
DALANEWS.KZ. «Комсомолды кімдер көксеп жүр?» - Комсомолдың жыры жайлы жазбақпыз. Сорақы болғанда, комсомолдың адал сарбаздары күні кеше ғана Мәжілістің мінберінен бір-бірін құттықтап сөйледі.
«Іле ауданында хиджаб киген 27 оқушының 25-і мектеп формасын киді» - Жақында Іле ауданы Білім бөлімінің бас маманы Арайлым Төлеубековамен сұхбаттасқанымызда екі жылғы үздіксіз жұмыстың нәтижесінде хиджаб киген 27 қыз баланың 25-і мектеп формасын кигенін, олардың ата-аналары заң талабына мойынсынғанына айтып берді.
365INFO.KZ. «Мұнда қазақ қыздарына сұраныс жоғары…» - Шетелдік грантты ұтып алып, Брюсселге білім алуға аттанған қазақ қызы Айерке ол жақтан миллионер жігітті жолықтырып, бақытын тапқан.
«Ресейдегі 3 миллион өзбек оңбай опық жеді» - Владимир Путин Өзбекстанға сапары барысында Шавкат Мирзияевпен гастербайтерлерді заңдастырып, одан кейін олардың жағдайын елеулі түрде жақсарту туралы келіскен болатын.
QAZAQTIMES.COM. «Washington Post: Сауд Арабиясының ханзадасы тағынан айырылуы мүмкін» - Жамал Хашоггидің азапты өлімі Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның ішкі элитадағы беделін әлсіретіп жіберді. Бұл туралы «Washington Post» газеті мәлімдеді.