Атырау, 19 желтоқсан 01:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Билік халықтың құқығын тар шеңберге бұғаулаудың амалын жасап жатыр», «Интернеті еркін емес Қазақстанда "билікшіл тролльдер бар"», «Билік ешкімнен ақыл сұрамайтын дәрежеге жетті», «Мағауин қазақтың көзін ашатын шындықты айтты».

2 597 просмотра

AZATTYQ.ORG.  «Интернеті еркін емес Қазақстанда "билікшіл тролльдер бар"» - Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы интернеттегі еркіндік (Freedom on the Net-2018) есебін жариялады. Тізімде Қазақстан "интернеті еркін емес" 20 елдің қатарына енген. Әлем үкіметтерінің қолданушылар деректерін бақылауды күшейткенін жазған ұйым "Қазақстанның Қытай компанияларынан адамдардың түрін анықтайтын құралдар сатып алғанын" жазады.

«Қазақстан легионерлерден жүлде күтеді» - Түркіменстан астанасы Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты басталды. Допинг дауынан кейін бір жыл барлық жарыстан шеттетілген Қазақстан, Қытай, Солтүстік Корея, Ресей құрамасының жазасы аяқталып, әлем біріншілігіне қатысады.

«Коммуналдық қызмет бағасын қалай реттеуге болады?» - Қазақстанда коммуналдық қызмет бағасы жылдан жылға қымбаттап барады. Тұрғындар тарифтің өсетіні туралы алдын-ала ескертпейді деп шағымданады. Тарифтер қалай белгіленуі тиіс? Бағаны белгілеу процесіне тұтынушылар не үшін бақылаушы ретінде ғана қатысады?

ABAI.KZ. «Тойға тойып болмадың ба, қазақ?» - Баяғыда қазақ халқының  ертегілерін оқығанда, соңында  "екеуі қосылыпты, отыз күн ойын, қырық  күн  тойын жасапты, солай  мақсат-мұратына жетіпті" деп аяқталатын. Сонда  өзімше, ойлайтынмын, "неге  отыз күн ойын (бір ай) қырық  күн тойын (тағы бір жарым ай), сонда екі жарым ай той тойлау  адамның  ақылына  қонымсыз емес пе?. Әлемдегі қаншама ұлт пен ұлыстардың  ешқайсысының  ертегілері осылай  аяқталмайды.

INFORMBURO.KZ. «Экстракорпоральды немесе жасанды жолмен ұрықтандыруға (ЭКО) қалай квота алуға болады?» - Жасанды жолмен ұрықтандыруды тегін жасатудың жолы қандай және қанша квота беріледі? Informburo.kz бұл процедурадан қалай өтуге болатыны туралы білді.

365INFO.KZ. «Мағауин қазақтың көзін ашатын шындықты айтты» - Бұлар отырған орындарын тек жем жейтін астау деп қарайды. Содан соң, қазақпен санасып қайтсін?! Біздің билік орыстан, шешеннен, ұйғырдан, тәжіктен қорқады, тек қазақтан ғана қорықпайды. Қазақтың арқасында министр, шенеунік болып отырғанын ойламайды да. Екіншіден, неге әу бастан Қазақстанда оппозиция әлсіз болды?

«Шонжы емес, қалмақтың Шоңжы батыры өлген жер» - Қазақтардың көз алдында қызыл шүберек сияқты боп тұрған екі атау бар. Ол: Петропавл мен Павлодар. Бұл туралы саясаттанушы Дос Көшім kaz.365info.kz сайтына ономастика туралы берген сүбелі сұқбаттында айтты.

«Билік ешкімнен ақыл сұрамайтын дәрежеге жетті» - Жасымыз біразға келген соң қоғамдағы құбылыстарды бұрынғы кезеңмен салыстырып қараймыз. Ал отыздың ар жақ-бер жағындағы жастар бұрынғы уақытта сөздің әсерінің қандай болғанын көрмеген соң салыстыра алмайды. Коммунистік партияның бәрімізді бұйдалап ұстап тұрған тұсында да кез келген саладағы кемшілікті айтуға, жазуға болатын, директордың, орынбасардың өзге де лауазымды қызметкерлердің жұмысы сыналатын, бірақ партияға тіл тигізбейтін.

QAZAQTIMES.COM. «Билік халықтың құқығын тар шеңберге бұғаулаудың амалын жасап жатыр» - Үкімет 28 қазан күні Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігіне «ғаламторды бұғаттауға» құқық беретін қаулы шығарды. Қаулыға сәйкес, жоғарыда аталған құзырлы органдар «табиғи, әлеуметтік, техногендік төтенше жағдайлар» орын алған кезде Республика бойынша «интернетті бұғаттауға» құқылы. Көпшілік жұрт қаулы қабылданған сәттен бастап құжаттағы «әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай» деген терминнің не мағына білдіретінін білмей дал болуда. Осыған байланысты бүгін біз елімізге танымал саясаттанушалар мен журналистердің пікірін білуді жөн көрдік.


1 қараша 2018, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.