Атырау, 26 желтоқсан 13:34
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

«Бұл - дискриминация!»

2 961 просмотра

9 тамызда №1 Атырау  қалалық сотында алғаш рет шетелдік фирмалардағы отандық және шетелдік мамандарға еңбекақы төлеудегі заңсыз айырмашылық жөніндегі талап арыз бойынша сот процесі басталды.

Осы жылдың мамыр айында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің бастығы Темір ЕСТЕБАЕВ БАҚ өкілдерімен кездесуде мемлекеттік органның Аджип ККО мердігерлерінің бірінің үстінен сотқа талап арыз жолдағанын хабарлады. Оған қазақстандық қызметкерді кемсіту негіз болды, яғни, шетелдіктерге төленетін еңбекақымен салыстырғанда сәйкессіздікке жол берілген.

- Біз сотта мұның кемсітушілік екендігін дәлелдеуді көздеп отырмыз және бұл іс біздің аймақта жұмыс  істеп жатқан басқа да шетелдік компанияларға үлгі болады деген үміттеміз, – деп мәлімдеді сол кезде Т. Естебаев.

Облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай ҒАЛИЕВ хабарлағандай, бұл теңдеcсіз істе жауапкер “Розетти Казахстан” ЖШС және  “Машиностроительный завод МАРТ” ЖШС бірлескен кәсіпорны - «Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС болып табылды. Компания 2008 жылдың шілде айында Каспий аймағында мұнай-газ өнеркәсібінде  жұмыстарды орындау үшін құрылды.

Еңбек департаментінде аталмыш компанияда техник-электрик лауазымындағы шетелдік маманның  күндізгі сағаттық мөлшерлемесі 30 585 теңгені құрайтындығын мәлімдеді. Ал, осы лауазымдағы қазақстандық қызметкердің жалақысы күніне - 10 000 теңге. Айырмашылық – 20 585 теңге.

Одан әрі, 2-ші санаттағы құралдар жөніндегі шетелдік техник-маманның 28 вахталық күнге алатын еңбекақысы – 1,1 млн теңгедей. Осы позициядағы қазақстандық қызметкер вахтасы үшін 280 мың теңге алады. Айырмашылығы айқын. Жұмыс берушінің алға тартар дәлелдері белгілі – шетелдіктер үшін бұл елдегі өмір нарқы жоғары, Қазақстанда білікті мамандар жоқ. Алайда, сотты экономикалық сәйкестілік емес, орын алған айырмашылықтардың құқықтық бағасы қызықтырады. Б.Ғалиевтің айтуынша, соттың келесі отырысын тамыздың 20-нан кейін өткізу жоспарланып отыр. «АЖ» оқиға барысын назарда ұстайтын болады. 

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

15 тамыз 2012, 23:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.