Атырау, 26 желтоқсан 12:58
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жол жиегіндегі қарбыздар

5 371 просмотра

«Міне, енді қарбыз бен қауынды қорықпай жей беруге болады: бақша өнімдері тамызға дейін анық пісіп болды, оның үстіне астан улану маусымы да артта қалды», – деп ойлайды көпшілік көкөніс сататын дүңгіршек алдында ала қарбызды шерте отырып. Алайда, бәрі бірдей керемет емес.

Атырауда қарбыздарда нитраттар мен нитриттардың және пестицидтердің бар - жоғы тексеріледі. Ал оларда ауыр металл тұздарының бар - жоғына тексеру жүргізілмейді. Ал, енді қаладағы көкөніс дүңгіршектерінің ең көп орналасқан жерлерін еске түсіріп көріңіз? Халық тығыз орналасқан жерлерде, яғни, аялдамалар мен жолдың маңдарында көп. Дегенмен, санитарлық-эпидемиолог мамандардың пікірінше, қарбыз бен қауындар небәрі екі сағаттың ішінде өз бойларына ауыр металдардың тұздарын (қорғасын, сынап, кадмий, күшән) сіңіріп ала алады. Демек, уланып қалу қаупі бар деуге болады.

Жұқпалы аурулар ауруханасына қоңырау шалдық: бас дәрігер Шыбынтай ШЕРХАМАНОВТЫҢ айтуынша, палаталар жартылай бос, жаппай етек алған жұқпалы сырқаттар жоқ, тек аптасына бір-екі адам ішектің улануымен келіп жатады.

- Тіпті, асқазан ауруына шағымдар түскенімен, оның барлығы бірдей қарбыздан болды деуге дәлел жоқ. Біз тек фактілерді тіркеуге алып, емдеп шығарамыз.

Облыстық санитарлық эпидемиологиялық сараптама орталығында менімен барынша сақтықпен әңгімелесті. Ондағы мамандардың бірінің айтуынша, қауын-қарбыз маусымы басталғалы бері барлығы екі сараптама жүргізілген. Тек нитраттар мен пестицидтердің бар - жоғына ғана 30 қарбыз сынамасы алынған.

Нитраты көп қарбыз тәтті болмайды. Бақша өнімдерінің өмірінен тағы бір фактіні айтсақ, алма, қызанақ немесе қауындармен салыстырғанда бақшадан жұлынған қарбыз пісіп болмайды. Жұлған кезде қандай болса, сол күйінде қалады.

«Дина» базарында жұмыс жасайтын «Атырау ветеринариясы» ЖШС директоры Гүлбаршын ШАМАЖАНОВА барынша әңгімеге араласа білді. Оның айтуынша, қарбыз бен қауын негізінен Махамбет ауданы мен Оралдан келеді. Әрбір партия үш сараптамадан өткізіледі: органолептика, нитрат және нитрит тексеріледі. Бақша өнімдеріндегі ауыр металдар тұзына тексеру жүргізілмейді.

Жалпы кімге ескертілді, сол адам қаруланды деуге болады.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 тамыз 2012, 22:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.