Атырау, 19 желтоқсан 02:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Қазақстандағы билік пен бизнес: үстемдік пен бағыныштылық жүйесі», «Меркель дәуірі не үшін аяқталады?», «Қытай мен Үндістан Ираннан мұнай алады», «"Пошымы бөлек полицияны" қалай реформалай аламыз?», «Департамент өздері пара береді, өздері ұстайды».

2 267 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қазақстандағы билік пен бизнес: үстемдік пен бағыныштылық жүйесі» - Қазақстан саясатында қалыптасқан ойын ережесі бойынша бизнес биліктің бұйрығын орындайтын бағынышты рөл атқарады. Оның себептері неде?

«Меркель дәуірі қалай және не үшін аяқталады?» - Сирия бойынша өткен саммитте Владимир Путин, Режеп Ердоған және Эммануэль Макронмен кездескен Германия канцлері Ангела Меркель еліне оралған соң "биліктен кететін кез келді" деген ұйғарымға келген.

«Қытай мен Үндістан Ираннан мұнай ала бермек» - Тегеранға қатысты Вашингтон салған санкциялар бірнеше күннен соң күшіне енгелі жатқанда Пекин мен Дели Иранның мұнайынан бас тарта алмайтындарын білдірді.

QAMSHY.KZ. «Түрікменстан билігі азық-түлік карточкаларын енгізуге жақын» - Түрікменстанда кеңестік билік болған кезде Одақтан шығу үшін ешқандай әрекеттер жасалмады. ССРО ыдырағаннан кейін Түрікменстанның президенті болып Сапармұрат Ниязов қалды. 1985 жылы ол республиканың басшысы ретінде тағайындалып, ал 1992 жылы бұл елдің президенті қызметіне кірісті. 

«"Пошымы бөлек полицияны" қалай реформалай аламыз?» - Қазақстанның Ішкі істер саласын реформалау тәуелсіздік алғалы бері айтылып келе жатыр. «Тіпті, өзгерді» деп өзімізді алдаған күннің өзінде, көзге ұрып, көрініп тұрған дүние көре алмайсыз. Халық сақшылары болуы керек билік өкілдерінен олардың жұмыс істеу тәсілі, халықпен қарым-қатынасы және де өзіне сенімділік ұялататын қасиеттерді көре алмай жүргеніміз рас.

 INFORMBURO.KZ. «Ұлттық қуат стратегиясы. Қазақстанға ол неге қажет?» - ХХI ғасырда жаһандану тек қана әлемдік экономиканың бірігу процесін емес, сондай-ақ елдер арасындағы бәсекелестікті тереңдетті.

«1897-2018. Қазақ халқының саны қалай өзгерді?» - 2019 жылы Қазақстанда кезекті халық санағы өтеді. XIX -XX ғасырдағы Қазақстан аумағындағы халық саны, ұлттық құрамы, қазақ халқы санының өзгерісіне шолу.

ABAI.KZ. «Департамент өздері пара береді, өздері ұстайды...» - Осыдан  тура сегіз ай бұрын бұрынғы Астана қалалық Әділет басқармасы басшысының орынбасары Рауан Рамазанов пен басқарма бастығы Еркін Дәулетбаев «22 миллион пара алып жатқан жерінде ұсталды» деген ақпарат тараған еді.  Осы ақпаратты жалпақ жұртқа алғаш таратқан КТК арнасы жақында осы «көріністі» жерден жеті қоян тапқандай екінші мәрте қайталап көрсетті. Ондағы мақсаттары не? Жалпы осы ақпарат шындыққа жанасама? 

QAZAQTIMES.COM. «Меркель эпохасы аяқталуға жақын: Германия жағдайы қандай болмақ?» - Германия канцлері Ангела Меркель 2021 жылы өтетін сайлауда көшбасшылыққа үміткер қатарында болмайтынын мәлімдеді.  Сонымен қатар, Христиан-демократиялық одақтың (ХДС) жетекшісі Бундестагтағы орын үшін күресуге ниетті емес. 

TARLAN.KZ «Ерлан Қарин. Путиннің жұмағы немесе Валдай жайында» - Ресей – еліміздің стратегиялық әрі басты серіктесі. Бірақ бүгінде Кремль өзінің кері реакцияларымен, жаугерлік риторкасымен, көршілерінің үрейін тудыруда. Ресейдің бұл бағытпен жүруі неге апарып соғуы мүмкін, қанша уақыт жалғасуы ықтимал? Осы сауалдар Қазақстан үшін өте маңызды екені анық. Сондықтан біз осы сұрақтарды Ресейдің саяси ойы мен ойынының нақ ортасына айналған Валдай клубының кезекті отырысына қатысып келген Ерлан Қаринге қойдық.     


31 қазан 2018, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.