QAZAQTIMES.COM. «Қытай және әлем: Бейжің қай бағытқа кетіп барады?» - Қытай мен АҚШ арасындағы теке-тірес әлем экономикасына әсер ете бастады. Өзінің экономикалық, әскери және саяси қуатымен, сондай-ақ, ең көп халық санымен Қытай әлемдегі ықпалды мемлекеттердің біріне айналды.
«Өзбекстан армиясы кімдерге тәуелді?» - Билік басына Шавкат Миризиеевтың келуімен Өзбекстан ұзақ жылдар бойғы жабық есік саясатын жаңа бағытқа бұрды. Соңғы екі жылда ресми Ташкент алыс-жақын шетелдермен қарым-қатынасын одан ары жақсартты. Осы уақыт аралығында жүздеген жаңа келісімдерге қол қойылды. Соның ішінде әскери келісімдер де бар. Бүгін біз дәл осы салаға қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
AZATTYQ.ORG. «Қазақстан тәуелсіздігін тойлайтын Санкт-Петербург қазақтары» -Санкт-Петербургтегі қазақтардың "Атамекен" ұйымын 30 жылдай басқарып келе жатқан ақсақал Азаттыққа диаспораның өмірі мен Қазақстанға кеткен үш баласы туралы әңгімелеп берді.
«Құрбандарға қоса жендетті де еске алатын болды» - Кеше Ресейде, сондай-ақ бірнеше мемлекеттің астанасында (Варшава, Вашингтон, Прага мен Лондон) «Есімдердің оралуы» акциясы өтті.
«Қуылған президенттерден кейінгі сайлау» - Грузиядағы президент сайлауының екінші кезеңге созылды. Бұған дейін Грузия президенттерінің дәуірі несімен есте қалды?
QAMSHY.KZ. «Өмірінің 10 жылын Америкада өткізген қазақ» - Өмірінің 10 жылын Америкада өткізіп, «жартылай америкалық» болып кеткен Еркебұлан Кәкімбековтың ютуб каналына кездейсоқ тап болдым. Өзін «half american» деп атайтын Еркебұланның жүрегі қазақ деп соғатыны ютубқа жүктеген видеосынан да, инстаграмға салған әр жазбасынан да анық байқалады. Бір кездері АҚШ-тағы Қазақстан елшісінің көмекшісі қызметін атқарған торғайлық қазақпен бетпе-бет жүздесіп, ашық әңгімелесе алмасақ та whatsapp көмегімен сұхбат алуды жөн көрдік.
ABAI.KZ. «Шәкәрімнің үш фотосуреті туралы» - Хакім Абайдың інісі, шәкірті, ойшыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының 3 фотосуреті сақталып, бүгінгі күнге жеткен екен. Осы фотосуреттердің қилы заманнан бүгінгі ұрпаққа жету тарихы өз алдына бір үлкен әңгіме.
«Әкелеріміз - комсомол, балаларымыз - әруаққа қарсы...» - "Жастарымыз жат ағымдардың жетегінде кетті, жасөспірімдеріміз жаһанданудың жеміне айналды" деп аһ ұрып жүргенімізде аға буынның да бет пердесі ашылды. Бұған дейін ел билігінің ең бір жайлы жеріне жайғасып алып, кеңестік жүйенің шекпенінен шыққанын мойындамағансып жүретін ата-апаларымыз комсомолдың 100 жылдығы дегенде қой терілерін лақтыра салып, қасқыр тістерін ақситып көрсетті.
INFORMBURO.KZ. «Зейнетақы өсті, салық азайды, темекі қымбаттады» - 2018 жылдың шілде айынан бастап Қазақстанда не өзгерді?
«Қазақстанда несиесін төлей алмай отырғандардың саны 1 миллион 102 мыңға жетті» - 2018 жылдың бірінші жартысында несие алушылардың санында алғашқы үштікте Алматы, Астана қалалары мен Түркістан облысы тұр. 837 мың несие алушының ісі қарыз өндіру үшін коллектор агенттіктерге берілген. Экономистер борышкерлердің көбеюіне девальвация мен доллармен алған несиені қайтару қиындығы әсер етуі мүмкін екенін, дағдарысқа байланысты әлі де көбейетінін ескертіп жатыр.