AZATTYQ.ORG. «Жаңа Жібек жолының болашағы және "өсекке сенетін жұрт"» - Батыс баспасөзі осы аптада Семейдегі ядролық полигон аймағы мен Қазақстанның Қытаймен шекарасындағы “Қорғас” құрғақ портынан арнайы хабар берген.
«Комсомолды жоқтатпайтын Орталық Азия» - Орталық Азия елдерінде ресми шаралар кезінде байқалатын жастар ұйымдары бұрынғы комсомолдың баламасына ұқсағанымен, олар тек белгілі бір басшының саясатын қолдайды. Аймақта билік басында отырғандардың қайсыбірі - комсомол ұйымдарын басқару арқылы өскендер.
«Орталық Азия президенттерінің дастархан туралы кеңесі» - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Соғды облысына барып, елдегі ең ірі палау фестиваліне қатысты. Рахмон мереке кезінде "палау жеу" жарысының ережесін өзгертіп, халыққа кеңес берді.
«Қытайдағы құпия лагерьлер жайлы не білеміз?» - Халықаралық БАҚ Қытайдағы саяси лагерьлер жайлы ірі зерттеу мақалалар жариялады. Қытай билігі саяси лагерьдегі “бақытты өмір” жайлы “жарнамаларды” жиілетті.
ABAI.KZ. «Жер, тағы да жер туралы...» - Астанада алқа-қотан жиын өтті. Онда жер мәселесі сөз болды. Біз де бардық. Қатыстық. Өз ойымызбен бөлістік. Енді естіген-көргенімізді егжей-тегжейлі баяндайық.
365INFO.KZ. «Түркіменстан – капут болды! Неге?» - Катастрофа дейді. Газ қоры бойынша әлемде төртінші орын алатын республикада жұмыс та жоқ, ақша да жоқ. «Известия» басылымы бұл дағдарыстың себебіне үңілген екен
«Бұларыңыз қалай?» - Белгілі саясаткер Әлихан Бәйменов комсомолдың мерейтойын тойлаған игі-жақсылар Тәуелсіздік атты ұлы құндылықты шетке ысырып, қаңсығы ғана қалған Қызыл империяны ұлықтады дейді.
QAZAQUNI.KZ. «Қанат Жүнісов: Архив деректерінің бәріне сене беруге болмайды» - Сәкеннің басы тағы саудада! Бұл жолы ҚР Президенті архивінің қызметкері, тарих ғылымының кандидаты Жұмажан Сүлейменнің «Сәкеннің Сталинге хаты» атты мақаласы «Ақиқат», «Жас Алаш» беттерінде, ғаламторда «салтанат» құрып тұр. Автор «Ерте ме, кеш пе жарияланбай қалмайтын бұл хат төл тарихымыздың бір қызық дерегі.