Атырау, 19 желтоқсан 02:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Дәрменсіз қоғам пәрменсіз полицейден неге қашады?», «Пара беріп, пара алған...», «Сағадиев мынаны көрді ме?», «Отандық белгілі шенеуніктер бала күнінде қандай мектепте оқыған?», «Қытайдағы құпия лагерьлер жайлы не білеміз?».

2 737 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қытайдағы құпия лагерьлер жайлы не білеміз?» - Халықаралық БАҚ Қытайдағы саяси лагерьлер жайлы ірі зерттеу мақалалар жариялады. Қытай билігі саяси лагерьдегі “бақытты өмір” жайлы “жарнамаларды” жиілетті.

INFORMBURO.KZ. «Несие алудың тиімді жолдары немесе банкке алданбау үшін нені білу керек» - Несие алудың тиімді жолын айтпас бұрын, экономист маман ретінде несие, оның ішінде тұтынушылық несиені алудың тіпті де қажеті жоқ екенін ескертемін.

«Ұйқысы ұрланған ұрпақ» - Балалықтың бал дәуренін таксиде өткізген бала, тіршілік шіркіннен түңіліп кетпес па екен?! Ойланатын жайт.

AIKYN.KZ. «Ойлана берме, ономастика!» - Астана болғалы қала қазақыланды. Оған дау жоқ. Бірақ біздің бұған қуануымыз «Балықтар суда өмір сүретін болды» дегенге саяр еді. Өзі солай болуы тиіс дүниеге бұлай сүрең қосуымыздың да салмақты себебі бар болды, бірақ. Бір кездері орысы қазағынан үш есе көп қаланың қазақтануға қарай бет бұрғаны, қалай десек те дем алатындай жаңалық еді. Енді осы қалаға біз қандай ен салудамыз? Әңгіме – осы жайында.

«Дәрменсіз қоғам пәрменсіз полицейден неге қашады?» - Бізде полиция туралы аңыз-әпсаналар көп-ақ. Шымшыма әзіл де жетіп артылады. Бәрінің түп мақсаты – погон таққан шенділерді әшкерелеу, жаман қылығын баттитып тұрып көрсету.

TURKYSTAN.KZ. «Пара беріп, пара алған...» - Жемқорлыққа жол жоқ. Дәл осылай ұрандатып келе жатқанымызға талай жылдың жүзі болды. Тәуелсіздік жылдарында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алуға, онымен күресуге бағытталған талай жоба қолға алынды. Бірақ мұның бірі де жемқорлықты түбірімен жоюға мүмкіндік бере алған жоқ

365INFO.KZ. «Өзге ұлттар қазақ тілін неге үйренбейді?» - Танымал ғалым Қанағат Жүкешев қазақ тіліне қатысты өзекті мәселелердің ұшығын тарқатыпты. Ол не дейді? ”Ол да өлең жазатын”. 

«Сағадиев мынаны көрді ме?» - Президент жолдауынан кейін мұғалім мәртебесі туралы әртүрлі әңгімелер, ұсыныстар талқылана бастады.

NUR.KZ. «Отандық белгілі шенеуніктер бала күнінде қандай мектепте оқыған?» -Қазақстандықтар отандық шенеуніктердің жеке өмірі жайлы ақпаратқа қызығушылық танытатыны анық. Әсіресе, шенді-шекпенділердің отбасылары мен балалық шағы туралы деректер БАҚ беттерінде тым аз. NUR.KZ бүгінгі топтамада атқамінер азаматтардың қандай мектепте оқығаны жайлы азды-көпті ақпарат ұсынады.

QAMSHY.KZ. «Назарбаев: 2020 жылы мен кетсем, балаларымыздың болашағын кім қамтамасыз етеді?» -  ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 17 қазандағы Финляндияға сапары барысында журналистермен кездесіп, сұрақтарға жауап берді.

 


26 қазан 2018, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.