Атырау, 26 желтоқсан 13:50
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Департамент қайта құрылды

3 870 просмотра

Үкіметтің қаулысымен Жайық-Каспий экологиялық департаменті Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары бойынша департаменттерге бөлініп, қайта құрылды.

Экология департаментінің Атырау облысы бойынша бастығы болып, бұрын облыстық табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы қызметін атқарған Ербол ҚУАНОВ (суретте) тағайындалды.

Естеріңізге салайық, 2007 жылы Е.Қуанов басқарған аймақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы ТШО-ға 74 миллиард теңге көлеміндегі экологиялық айыппұл салған болатын.

Ауданаралық экономикалық соты оны ішінара қанағаттандырып, алып мұнай компаниясына мемлекет пайдасына 37 миллиард теңге төлеуді міндеттеді. Жоғарғы сот тараптары шешімді растады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

8 тамыз 2012, 22:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.