Атырау, 19 желтоқсан 02:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«2019 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?», «Орталық Азияға миллиардтап қаржы құйған Ресейдің мақсаты не?», «Билік неге қазақтың мардымсыз жалақысының көлемін жасырады?», «Құжатсыз қазақтар: олар санда да, санатта да жоқ».

2 409 просмотра

QAZAQTIMES.COM. «2019 жылы Қазақстан экономикасын не күтіп тұр?» - Жақында Халықаралық валюта қоры 2019 жылға арналған экономикалық болжамын жариялады. Болжам бойынша, келесі жылы әлем экономикасы бұрын соңды болмаған қиындықтарға тап болады. ХВҚ мәліметінше, 2019 жылы сауда соғысы салдарынан әлемдік экономика 1,52 трлн доллар табысынан айырылады. Бұл өз кезегінде жаһандық нарықтың 17 пайызға қысқаруына және жалпы ішкі өнімнің 1,9 пайызға азаюына алып келеді. 

«Мэйге хат: Британия ғалымдары Brexit шешімінен қауіптенеді» - Нобель сыйлығының лауреаттары мен белгілі ғалымдар Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы шартты түрде ғалымдардың зерттеулері үшін кедергілер тудыруы мүмкін деп қауіптенеді. Олар осы мақсатта билікке хат жолдаған. Бұл туралы BBC хабарлады. 

ABAI.KZ. «Құжатсыз қазақтар: олар санда да, санатта да жоқ» - Үстіміздегі жылдың 30 наурызында «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі және аймақтық филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде «Көш көлікті болсын!» акциясы өткізіліп, Тәуелсіздік жылдары алыс-жақын шетелдерден көшіп келіп, әлі күнге дейін құжатсыз жүрген неше мыңдаған қандастарымыздың құжаттандыру мәселесі талқығы түскен еді.

365INFO.KZ. «Орталық Азияға миллиардтап қаржы құйған Ресейдің мақсаты не?» -Жұмсалған қаржы артығымен қайтады, тіпті, несиелерді кешірудің де қажеті болмайды, деп есептейді сарапшылар.

«Биліктің заказы…» - Жамбыл «қапастағы бұлбұлдың» бірі болғаны ма?

«Билік неге қазақтың мардымсыз жалақысының көлемін жасырады?» - Қос тілділік, қос азаматтық деген секілді біздің ел экономикасының көрсеткішінде де қос цифр жүреді. Біреуі өмірдегі нақты цифр,  екіншісі сырт көздерге арналған ресми цифр.


24 қазан 2018, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.