Исатай-Махамбет алаңында 12 тамызда болатын «Өзіңе және балаларға бақыт сыйла!» қайырымдылық флешмоб көп көңілінен шығады деп күтілуде. Атырау көгіне бес жүзден аса аспан шарлары ұшырылмақшы.
Бұл шараны өткізуді 20 жастағы қала тұрғыны Аманжан ШАЛҚАРОВ (қала әкімдігінің қолдауымен) өз мойынына алып отыр.
- Мен қалай болғанда да қала халқының басын қосқым келді. Оның үстіне бұл шарадан қандайма болмасын пайда болғаны дұрыс қой. Осылайша, жаппай аспан шарларын ұшыру идеясы туды. Әркім шарды аспанға ұшыра отырып, өзінің тілегін тілейді. Аспан шарларын сатқаннан түскен барлық ақша балалар үйіндегі балғындарға көмекке беріледі, - дейді ол.
Атыраулық жас жігіттің бұл идеясы қалалық әкімдікте қолдау тапты.
- Оның бұл ойы өте жақсы және қайырымдылық, – дейді қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Жаннат ДОСҚАЛИЕВА. – Бұл көмек мұқтаж балаларға да қажет, өйткені жаңа оқу жылы басталады ғой.
Сағат 20.00-де алаңда концерттік бағдарлама басталады. Шарларды ұшыру 21.30-да, оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Шарларды акция ұйымдастырушыларынан сол алаңда әрбір данасын 500 және 700 теңгеге сатып алуға болады.
Тамара СУХОМЛИНОВА