Атырау, 26 желтоқсан 07:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Балықшы биыл да бүрсеңдейді

2 222 просмотра

Қаһарлы қыста қатып қалатын Балықшыны Атырау жылу электр орталығына қосу жөніндегі билік жариялаған науқан жүзеге аспай қалды. Оған қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВТІ кінәлауда. Ал, Балықшы тұрғындарын түбегейлі өзгерістер күтіп тұр.

Естеріңізде болса,қала билігімен балықшылар поселкесі тұрғындарының арасындағы тартыс созылғалы бірінші жыл емес. Билік балықшының тұрғындарын үнемі жұмсақтық танытқанға әбден еркелеп, мүлдем коммуналдық қызмет ақысын төлеуден қалды деп кінәлайды. Өткен жылыту маусымының басында олар жылумен қамтитын «Таза құбыр» ЖШС шамамен 40 млн теңге қарыз болды. Ал, бұл серіктестік өз кезегінде «Облтрансгаз» КМК, «Атырау Энергосату» ЖШС-не және «Атырау Су Арнасы» КМК-на қарыз болып қалды.

Балықшылықтардың өз уәждері бар. Олар бірнеше жылдан бері жергілікті жылу қазаны беретін жылуды тозығы жеткен жертөле құбырларының салдарынан ала алмай келеді. Ол құбыр ЖЭО-ның жылу қысымын көтере де алмас еді.

Арадағы тартыс өткен жылдың желтоқсан айында қалалық билік тәрбиелеу мақсатында Балықшыға жылу бермеген кезде шарықтау шегіне жеткен еді. Кейін жылу қалай болғанда да берілді және келесі жылы поселкені жылумен қамту үшін ЖЭО-на беретін болып шешті. Бұл мақсат үшін жарты миллиард ақша бөлінді.

Алайда, облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВТІҢ соңғы рет қаланы және салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралау барысында, биылғы жылы Балықшыны жылу орталығына қосудың аяқталмайтындығы белгілі болды.

Бұл үшін ақыр соңында поселке тұрғындарын ыссы сумен және жылумен қамтамасыз ету мәселесін 500 млн теңге көлеміндегі қаржыға толықтай шешуге уәде берген қала әкімінің орынбасары Әділбек Нұрлығожиевқа кінә артып отыр. Ал, ондағы барлық жұмыс көлеміне тағы да 2 млрд теңге қажет көрінеді.

Бергей Рысқалиев өз сөзін кесіп айтты:

- Мен адамдарды алдай алмаймын. Мен өзімнің есептерімде бүгінгі күні Балықшы тұрғындарында ыстық су және жылу болады деп уәде еткен едім. Енді бұған қаржы бөлінбейді. Бізде мұндай мақсаттарға жұмсалатын ірі қаржы жұмсау мүмкіндігі жоқ. Бұдан Балықшы тұрғындарына тағы да таза құбыр жылу қазандарының күшімен қыстап шығуға тура келетіндігін аңғаруға болады. Олар таза құбырға ондаған миллиондай қарыз және 8 қазан ауыстыруды қажет етеді.

Балықшыдағы қатып қалған көп қабатты үйлердің одан арғы тағдыры туралы айтып беруді қала әкімі Асқар КЕРІМОВТЕН өтіндік.

- Облыс әкімінің не ойлағаны бар: поселке бұрынғысынша Таза құбыр қазанымен жылытыла ма, әлде, ЖЭО-на қосыла ма?

- Балықшыны ЖЭО-на қосу менің ойымша, 2014 жылға таяу болуы мүмкін. Биылғы жылы 580 млн теңге бөлінді және жылу трассасының құрылысы басталып жатыр. Қалған қаржы кезең-кезең бойынша бөлінетін болады.

- Суға толған жертөлелердің жағдайы не болмақ? Оларды күрделі жөндеуден өткізбейінше, үйді жылытудан пайда болмайды ғой.

- Біз ПИК-тер құрып, үйлерді терможаңғырту бағдарламасына енгіземіз. Әрине, бұл келер жылы, өйткені, ПИК-нің жоқ болуы салдарынан тиісті құжаттар дер кезінде дайын болмай, тізімге енбей қалды. Ал, пысық деген қалалық ПИК оларды басып озды.

- Миллиондаған қарыздың жайы қалай болады?

- Балықшы тұрғындарының жылу үшін «Таза құбыр» ЖШС төлеуден бас тартуларының салдарынан олар «Атырау-жарық» АҚ-на қарыз болып қалды. Осыған байланысты қарыздар төлеуге қатысты жеңілдіктер берілуі жөнінде кәсіпорындар арасында келіссөздер жүргізілуде. Оң нәтиже болғанымен де, келісім-шарт дайындалып жатыр, қарыздарды талап ету құқығы электр энергиясымен жабдықтаушы ұйымға беріледі. Ал, олардың қолында борышкерлерге қарсы әрекет етудің құралы бар. Олар жарықты айырып тастайды. Ал, «Атырау Су Арнасы» тарапынан «крот» (көртышқан) қолданылатын болады

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

8 тамыз 2012, 22:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.