Атырау, 26 желтоқсан 06:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Камера қырағы қадағалайды

2 672 просмотра

6 тамызда Атырауға өз орынбасарлары және комитет төрағаларымен бірге Қазақстан ішкі істер министрі Қалмұханбет ҚАСЫМОВ келді. Ол таңертеңнен бастап облыстық ІІД басқармасы басшыларын аттестаттаудан өткізіп, Жедел басқару орталығында (ЖБО) болып, полиция қызметкерлеріне пәтердің кілтін тапсыру рәсіміне қатысты.

СІЗ ҚАШАНДА КӨЗ ҚЫРЫНДАСЫЗ

Жедел басқару орталығын аралау кезінде министрді облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ бастап жүрді. Дәл осы жерде бүгінгі күні жаңа ІІД ғимаратын жобалаудың аяқталып қалғандығы жарияланды.

Сондай - ақ, бейнекамераларды жеткізу жөніндегі тендердің аяқтала келгендігі де белгілі болды. Рысқалиевтің айтуынша, бүгінгі күні қалада 250 бейнекамера жұмыс жасайды және жыл аяғына дейін тағы 400-іорнатылатын болады, оның 100-і кәсіпорын есебінен болмақ. Әкім бейнекамераларды сатып алу шығындарын (1,5 млрд теңге) облыс бюджетінің өндіріп алғандығын мәлімдеді: осы камера көмегімен анықталған құқық бұзушылықтар үшін салынған әкімшілік айыппұл сомасы 2,5 млрд теңгені құрады. Рысқалиевтің айтуынша, егер статистика бойынша Лондонның тұрғыны тәулігіне объективке 48 рет түсетін болса, атыраулық тұрғын жоспарланған камералар орнатылғаннан кейін күніне 20 рет жалт етіп көрінетін болады екен.

- Камераларды орнату біркелкі қолданылуда,– деп мәлімдеді министр. – Астана мен Алматыда мұндай жүйелер енді-енді ғана енгізіліп жатыр. Сіздің қалада осынша бейнекамералардың орнатылуы да бірінші рет. Болашақта одан да артпақшы. Бұл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және барлық орын алған оқиғаларды дәлелдеуге мүмкіндік береді. Сондай - ақ, барлық кафе, мейрамханалардың қожайындарын камераларды орнатуға міндеттеу керек.

Рысқалиев сондай ақ, ІІД басшылығының жедел қызметкерлер штатын көбейту жөніндегі өтінішімен келіспейтіндігін мәлімдеді:

 - Біз камераларды не үшін орнатып жатырмыз? Қылмыстың ашылуын арттырып, бюджет шығынын қысқарту үшін жасап жатқан жоқпыз ба? Полицейлер күтпеген жерден, яғни, өздерінің шетелдік әріптестері секілді қылмыс орнында пайда болуы тиіс. Олардың санын көбейткеннен пайда жоқ.

 

БАСҚАН ІЗІ БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

Досанов ЖБО бойынша жүргізілген экскурсия барысында қыркүйектен бері орталықта жаяу және автокөліктегі жедел құрамға бақылауды жүзеге асыру үшін жаңа «Тетра» радио байланыс жүйесінің енгізілгендігін хабарлады. «Тетра» әрбір топтың орналасу орнын көруге және полицейлердің оқиға болған орынға жедел жетуіне мүмкіндік береді.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь ЛЕПЁХА жаңа бейнетіркеуші туралы әңгімеледі. Оның айтуынша, ол қызметкердің кеудесіне бекітіледі және жұмыс күні аяғында бастық чипті компьютерге салып, полицейдің жұмыс күнін тексере алады.

- Және ешқандай да сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді, бәрі қолмен ұстағандай болады, – деп сендірді Лепёха.

 

ЖАҢА ПӘТЕРДІҢ КІЛТТЕРІ ТАПСЫРЫЛДЫ

ҚІІБ-нің ауласында 20 полиция қызметкеріне жаңа пәтердің кілтін салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Қала әкімі Асқар КЕРІМОВТІҢ айтуынша, жыл аяғына дейін баспанамен тағы да 30 полиция қызметкері қамтамасыз етілмек, 40 қызметкер дайын инфрақұрылымдары бар аудандардан жер учаскелерін алатын болады. Соңғы 5 жылда құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне 400 пәтер берілді.

- Дегенмен де бұл біздегі өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан келгенде, баспана мәселесі іскер кадрлардың қалыптасуына айрықша әсері барын атап айтуға тиіспін. Иә, біз қызметкерлеріміздің өздігінен пәтер алуларына мүмкіндік жасап үлгере алмаудамыз. Осындай тұста жергілікті басшылықтың қолдау көрсетуін бағалауымыз керек. Өз кезегінде бұл тәртіп сақшыларының қызметіндегі жауапкершілікті үстеп, міндетті арттыра түсетіні анық. Қызметкерлеріміз де бұл жауапкершілікті түсініп, абыройлы еңбек үлгісін көрсетеді деп сенемін. Аттестацияға келетін болсақ, құрамның дайындығы жалпылама айтқанда жаман болған жоқ. Өз лауазымдық қызметінен босатылғандар да, жұмыстан кеткендер де бар. Өйткені олар аттестаттаудан өткен жоқ. Аттестациядан кейін жақсы бір әлеуметтік блокты қабылдау жоспарланып отыр, еңбекақы да өсірілмекші. Сондықтан да біз өз қатарымызды тазартып жатырмыз, - деді министр.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 тамыз 2012, 22:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.