Атырау, 19 желтоқсан 01:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Санкция кезіндегі текетіресте қазақтың мүддесі қалай қорғалмақ?!», «Құқық қорғаушылар "Ерімбетов ісі" бойынша сот процесіне наразы», «Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатер: Ядролық державалар келісімге келе ала ма?».

2 210 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Құқық қорғаушылар "Ерімбетов ісі" бойынша сот процесіне наразы» - Кәсіпкер Ескендір Ерімбетов пен бір топ адамға қатысты "алаяқтық" ісін бақылаған құқық қорғаушылар сот процесінің әділетсіз өткенін айтады.

INFORMBURO.KZ. «Гендерлік теңсіздік. Қазіргі қоғамда қазақ қыздары қандай білім алып жүр?» - Қыздар оқитын университеттің кейбір студенттері "Қазақ Аруы" курсының оқу бағдарламасына қарсы.

«Санкция кезіндегі текетіресте қазақтың мүддесі қалай қорғалмақ?!» - Әлемдік экономикада алпауыт елдердің үлес салмағы осындай екен. Бізге кіммен жұмыс істеген тиімді?

QAZAQTIMES.COM. «Жаһандық қауіпсіздікке төнген қатер: Ядролық державалар келісімге келе ала ма?» - АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Жон Болтон сейсенбі күні Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Ол кездесу кезінде Трамптың 1976 жылы АҚШ-Кеңес одағы арасында қол қойған ядролық келісімнен бас тартқысы келетінін және оның себебін түсіндірді.

«Комсомолдың табыттағы қаңқасын суырып алып тойлау» - Жақында Алматының қақ төрінде комсомолдың 100 жылдығы дүркіреп өтті. Абылай ханның 300 жылдығы, басқа да ақтаңгерлердің мерейтойлары ұмыт қалады. Бірақ комсомол ұмытылмапты. Мына тойласқа қарағанда әлі бірнеше жыл «комсомол жасасын!» деп жер тепкілейтін сияқтымыз. Мемлекеті әлдеқашан күйреп кеткен, аты қалып, заты тарих қойнауына сүңгіген, өзгеге деген тәуелділік пен басыбайлылықты анық аңғартатын мерекені тойлаудың қандай қажеттілігі болды? 

«Журналист жаһандық жағдайлармен бетпе-бет келуден қорықпауы тиіс» - Бүгін əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде The Associated Press ақпараттық агенттігінің тілшісі, белгілі жазушы Jesse J. Hollandпен кездесу өтті. Белгілі журналиспен кездесуді факультет деканының ғылыми-инновациялық жəне халықаралық мəселелер жөніндегі орынбасары Қарлыға Мысаева ұйымдастырды. 

QAMSHY.KZ. «Колумбайн терактісін қайталаған керчтік қаныпезер Путиннің фанаты болған» - 2018 жылдың 17 қазаны Ресей үшін қайғыдан қан жұтқан күнге айналды. Қырымға қарасты Керчь қаласы әлі күнге дейін қара жамылып отыр. 21 жеткіншек колледжге сабақ оқуға кетіп, ыстық ұяларына оралмады. Қаншамасы аяқ-қолдан айырылған, ауруханада ота жасау күнін асыға күтіп жатыр. Олардың тірі қалғандарына ата-аналары бақытты. 17 қазан тарих қойнауына Керчь терактісі болып енді. 18 жастағы Владимир Росляков болса ресейлік БАҚ-тың тілімен айтқанда о дүниеге қасапшы аттанды.

«Халел Досмұхамедов Қазақстанның екінші Жапония бола алатынына сенген» - Алашорда үкіметінің уығы қадалып, шаңырағы көтерілген сәттен бастап қазақ зиялыларының еліміздің даму жолында темірқазық тұтқысы келген бірден-бір мемлекеті Жапония болғаны көзі қарақты оқырманға мәлім.


23 қазан 2018, 09:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.