Атырау, 19 желтоқсан 02:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Шведтер де қонаққа келді

2 239 просмотра

Қашаған кен орнында алғашқы мұнай өндіру ісі басталысымен шетел мемлекеттерінің елшілері Атырауға жиі келетін болған. Өткен аптада облыстық әкімдік неміс делегациясын қарсы алса, («АЖ» қараңыз, 6-бет), 7 тамыз күні қалалық әкімдікке ҚР-дағы Швеция Корольдігінің істері уақытша сеніп тапсырылған елші Манне ВЭНГБОРГ өзінің жұбайы Анн Кристин ВЕТТЕРХАЛЛМЕН бірге келді.

Швед елшілігі Астанада 2010 жылдың 1 қазанында ашылды және олар Финляндия мен Норвегия өкілдігі орналасқан ғимаратта отыр.

Сапардың мақсаты немістердікімен бірдей. Орыс тілінде еркін сөйлейтін және аудармашысыз жүрген Вэнгборгты Қашағандағы мұнай өндірудің кейінге қалдырылу мүмкіндігі қызықтырды.

Сондай-ақ, кейінге шегеру облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайына қалай әсер ететіндігі де алаңдатты (жұмыссыздықтың пайда болуы және оның көлемі т.б.).

Естеріңізге салайық, Қашағандағы бірінші мұнайды шамамен 2013 жылдың маусым айына дейін алу жоспарланып отыр. Дипломатиялық өкіл қала әкімі Асқар КЕРІМОВКЕ бұл жоба туралы көп оқығанын және мұнай өндіру 2013 жылы да басталатынына күмәні барын айтты. Вэнгборгтың айтуынша, шведтік бизнес қазақстандық нарықта толыққанды ұсыныла қойған жоқ, бірақ мұнда жұмыс істеп тұрған ірі компаниялар бар. Мәселен, «Вольво» компаниясы (жүк көліктері мен автобустар). TeliaSonera скандинавиялық операторы Кcell брендімен таныс GSM-Казақстанның құрылтайшысы.

Сондай-ақ, Tele2 жаңа ұялы байланыс жүйесі де шведтерге тиесілі. Еліміздегі тағы бір танымал бренд - «Орифлейм» косметикалық компаниясы (ол ҚР-ның 140 ірі салық төлеушілерінің қатарына кірді).

Вэнгборг шведтік бизнесмендерін қазақстандық нарықтың өте қызықтырып отырғанын мәлімдеді.

Керімов швед дипломатына бюджеттен Атырау нарығын зерттеуге қаржы бөлінгенін айтып өтті:

- Инвесторлар біздегідей шағын халқы бар өңірде (500 мың адам) шикізат секторына қаржы салу қолайсыз деп сендіреді. Жергілікті жерде халық саны миллионнан асса ғана бизнес қарқынды дамып, тұрақты сұраныс болады дегендері. Бұл тұрғыда бізде қиындықтар бар. Бірақ, бізде басымдылықтар да жоқ емес: жолға қойылған инфрақұрылым, бизнесті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар, еліміздің өзге облыстарымен салыстырғанда тарифтер төмен. Осы жылдың аяғына дейін нарықтың анализі мен нақты ұсыныстарымызды дайындап, көпшілікке таныстырамыз. Біздер шведтік тараптың жобаларын қарастырып, компаниялармен кездесуге және оларға қажетті статистикалық мәліметтерді ұсынуға дайынбыз. Біз бірлесіп жұмыс істеуге мүдделіміз, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

8 тамыз 2012, 22:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.