AZATTYQ.ORG. «"Тікұшақты Қазақгейттің" Бельгиядағы сайлауға әсері» - Батыс баспасөзі Бельгия сайлауына ықпал еткен "тікұшақ дауы", қазақстандық интернет қолданушыларға шектеу күшейіп, Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға заңсыз еңбек мигранты болып баратындардың көбейгені туралы жазған.
«Аласапыран жағдайда өткен сайлау» - Ауғанстанда қазанның 20-ы күні парламент сайлауы аласапыран жағдайда өтті. Елдің әр түкпірінен техникалық ақаулар мен шараны ұйымдастыруда проблемалар туындағаны, оған қоса шабуылдар жасалғаны туралы хабарлар түсті.
QAMSHY.KZ. «Неменеге жетісесің, БЗЖҚ батыр, теңгеміз құнсызданып бара жатыр» - Алдағы бес жылда елдегі зейнетақы қорындағы қаражатты ұтымды ұқсата алмасақ, зейнетақы жүйесі қауіпті бола бастайды. Қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 9 трлнға жуық теңге бар.
365INFO.KZ. «Қазақстанға Ресейдің соңынан ерудің қажет жоқ» - Ресейде валюталық заң бұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілікті алып тастауды және салынатын айыппұлды елеулі түрде төмендету ұсынылуда. Міне, осы орайда, «Қазақстан да осы жолды таңдай ма? деген сұрақ туындайды.
«Қытай әлемді қалай басып алмақ?» - Журналист Аққаз Дербісовтың Қытайдың бүкіл әлемді уысында ұстауға бағытталған ұмтылысы туралы 365info.kz сайтында жарияланған мақаласы кез келген адамға ой салатын сараптама екен. Немқұрайды қарай алмадық. Сондықтан аударма жасап назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
«Бәсеке жоқ жүйеде басшыға жаға білгендер ғана өседі…» - Желідегі орнықты, салмақты жазбаларды сүзіп отыратын әдетіміз бар. Соларды оқып, жаның кіреді кейде. Кім болмасын күйзелісте жүр. Ішке сыймағанды Фейсбукке қотаруда. Шымбайға бататын шындықтың талайы айтылды, айтылып та жатыр. Шындықтың өзі шарасыз халде. Біз бір орында тұрмыз, себебі.
QAZAQTIMES.COM. «Алматыға ақылы жол керек пе?» - Алматы – жыл сайын халық саны өсіп, аумағы күн санап кеңейіп келе жатқан алып шаһар. Халық көп жерде қозғалыстың да ауырлайтыны белгілі.