Атырау, 26 желтоқсан 07:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Бірден прокурорға қоңырау шалыңыз

1 468 просмотра

90-шы жылдардағыдай әскери бөлімдердегі әлімжеттік қазір сирегенімен, заңбұзушылықтар әлі де тыйылар емес. Батыс аймағы әскери прокурорының аға көмекшісі әділет майоры Серік АБСАМАТОВТЫҢ айтуынша, әскерде бірін-бірі соққыға жығу фактілері тіркелген.

Осы жылдың 9 ақпанында әскери бөлімдердің біріндегі асханасында қатардағы жауынгер Т.Қ. қатардағы жауынгер К.У.-ке дене жарақатын келтірген. Бұл оқиға бойынша Атырау гарнизонының әскери полиция бөлімшесі Т.Қ.-қа қатысты ҚР ҚК-нің 370-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында Т.Қ. өзінің жасаған қылмысын мойындады. Ақтөбе гарнизонының әскери соты оны1 айға абақтыға қамауға үкім етті.

Дәл осыған ұқсас жағдай осыдан сәл ертерек, 15 қаңтарда орын алған. Атырау гарнизонының шекарашылар әскери бөлімінің «Кудряшово» заставасының байланыс тобының командирі келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген сержант Б.Ғ. мас күйінде қатардағы жауынгер М.Н.-ты ешбір себепсіз соққыға шығып, жеңіл дене жарақатын келтірген. Осы оқиға бойынша Ақтау әскери-тергеу басқармасының Атырау бөлімі ҚР ҚК-нің 380-1-бабының 2-бөлігі, «а» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында Б.Ғ. өзінің жасаған қылмысын мойындады. Ақтөбе гарнизонының әскери соты оны 5жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алайда, Б.Ғ.-ға тағайындалған үкім шартты түрдегі жазаға ауыстырылды. Сотталушыға 3 жыл сынақ мерзімі белгіленді. Үкім заңды күшіне енді.

Атырау гарнизонының қолбасшылығы әскери бөлімдер мен әскери мекемелердегі лауазымды қызметкерлер мен әскери қызметшілердің заңсыз іс әрекеттері туралы Батыс аймағының әскери прокуроры әділет подполковнигі Талғат БЕКБЕРГЕНОВКЕ 8 701 712 07 32, 27-14-63 телефон нөмірлеріне, сондай-ақ, әскери прокуратурасының жедел кезекші офицерінің 75-59-01 телефон нөміріне хабарлауға болатынын ескертеді.

Айнұр САПАРОВА

8 тамыз 2012, 21:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.