AZATTYQ.ORG. «АҚШ Сауд Арабиясымен қарым-қатынасын үзе ме?» - Сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп қазанның 2-сі күні Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығына кіріп, із-түссіз жоғалған саудиялық журналист Жамал Хашоггиге байланысты қорытынды жасауға асықпауға шақырды. Түрік билігі "журналистің консулдық ғимараты аумағында өлтірілгеніне дәлеліміз бар" дейді.
«Әйелімді Қытай Қазақстанға жібермей отыр» - Шыңжаңда мемлекеттік қызметте істейтін қазақ Күлзира Қалибек бір жылдан бері Қазақстанға келе алмай отыр. Қытай тарапы оның жұмыстан шығу туралы өтінішін қабылдамаған. Күлзира Қалибектің екі баласы және күйеуі Қазақстан азаматтығын алған.
AIKYN.KZ. «Қазақстанға ит керек пе?» - Бұл мақала инфляциялық таргеттеу (ИТ) жақсы яки жаман деген сұраққа жауап беруді мақсат етпейді. Әйтсе де, ИТ саясатының маңызды аспектісі, ақшаға билік етушілерге деген СЕНІМ екенін атап өткен жөн. Егер Ұлттық банк ИТ тәртібін енгізгенге дейін-ақ, фактілермен айла-шарғы жасап, ұғымдарды алмастырса, сөйтіп өзіне деген сенімді жоғалтса, онда инфляциялық таргеттеу саясаты өзін ақтайды дегенге сену қиын. Қысқасы, біз Қазақстан Ұлттық банкінің соңғы жылдарда қоғам санасына сіңіріп келген ИТ туралы аңызын талдауға тырысамыз.
365INFO.KZ. «Валютаны бақылау күшейтілсін!» - Ресейде валюталық заң бұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілікті алып тастауды және салынатын айыппұлды елеулі түрде төмендету ұсынылуда. Міне, осы орайда, «Қазақстан да осы жолды таңдай ма? деген сұрақ туындайды.
«Бизнесмендер “уххх!” деді. Ұлттық банктің не істегенін білесіз бе?..» - Ойнақтап тұрған доллар бағамы тұрақталатын болды. Мұны Ұлттық банктің ақша-несие саясатындағы өзгеріс айғақтайды дейді сарапшылар.
«Теңгені құлдыраудан құтқаруға 520 млн доллар жұмсаппыз» - Ұлттық банктің қыркүйекте қомақты интервенциялармен ішкі валюта нарығына қайта оралуы оның қатысушыларының алыпсатарлық ниетін толық басып тастай алмады.
TTJK.KZ. "Еркін сөз-2018» байқауы" - Байқауға қатысуға қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ журналистері шақырылады.
QAZAQTIMES.COM. «"Үйрену лагерлері" туралы түсінік берген Шынжаң басшысы әсіре сілтеушілік туралы жұмған аузын ашпады» - Қытайдың ресмилері Шынжаңдағы «Үйрену лагерлерінің» ісі және оның мақсаты туралы алғаш рет ауқымды түсінік берді. Шынжаң ұйғыр автономиялы регионындағы «Үйрену лагерлеріне» миллионға жуық мұсылмандардың қамалуына БҰҰ тарабынан алаңдаушылық білдіріліп, Қытай үкіметін сынға алған болатын. Әрі, Қытайдан ресми түрде түсінік беруді талап еткен еді.
ABAI.KZ. «Арап Еспенбетов. Шәкәрім Алашорда үкіметінің қазысы, яғни биі болып сайланған» - Міне осындай тарихи сәтте Шәкәрім қажы кемеліне келіп, рухани толықсып отырған шақта еді. Ол кезде ақынның есімі де қазақ ортасына кеңінен танымал болатын. Шәкәрімнің Алаш көсемі Әлихан төремен жақсы қарым-қатынаста болғанын айғақтайтын көптеген деректер бар және екеуі бір-біріне туған бөле болып келеді.