Терроризммен күрес жөніндегі облыстық жедел штабы хабарлағандай, 19 қазанда күндіз ҚР Терроризмге қарсы орталығының қолдауымен Атырау аумағында «Найза-Антитеррор-2018» терроризмге қарсы жаттығу шараларын жүргізу жоспарланып отыр.
«Көрсетілген мерзімде Атыраудың кейбір аудандарында шектеу шаралары енгізіледі. Осы орайда қала тұрғындары мен меймандары жаттығу шараларына түсіністікпен қарап, сабыр сақтауды өтінеміз. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген штабтың таратылған хабарламасында. Естеріңізге салсақ, жақында Түркиядан Атырауға 2011 жылы мұнай астанасында терактілер жасады деген күдікпен Елдос КҮНШҰҒАРОВ экстрадицияланған болатын.
Фархат ӘБІЛОВ