AZATTYQ.ORG. «Заречный түрмесі тағы бір азаптау дауына қалды» - Заречный түрмесіндегі "ұрып-соғу" жайлы тағы бір адам шағымданды. Ал ауруханада өлген және бір тұтқынның туыстары тергеу барысына наразы.
«Қазақстанда бала неге зорланады? Сарапшылар пікірі» - Қазақстанда балаларға сексуалды зорлық жасау оқиғалары көбейіп келеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қылмыстың себептері көп, сондықтан онымен түрлі деңгейде күресу керек және мемлекет қолданып отырған әдістер жеткіліксіз.
«Керчьтегі шабуылдан ондаған адам қаза тапты. Көбі – студенттер» - Қырымның Керчь қаласындағы Политехникалық колледжге жасалған шабуылдан 19 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақаттанған.
«Құқық қорғаушылар Лондондағы Әзербайжан байларынан күдіктенеді» - Ұлыбритания құқық қорғау органдары түрмедегі Әзербайжан банкирі әйелінің миллиондаған долларға сауда жасауына күдікпен қарай бастады. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен оның отбасы мүшелері де шетелдегі ықтимал мүліктеріне қатысты тергелуі мүмкін.
«Елді мекен атауын өзгерту не үшін наразылыққа ұласты?» - Батыс Қазақстан облысында билік Оралдың ондаған көшесіне жаңа атау беріп, бір ауданның атын өзгерткісі келеді. Бұл жоспарға қарсы жергілікті тұрғындар өз пікірлерімен ешкімнің санаспайтынына наразы.
ABAI.KZ. «Дариға Назарбаева. "Орыс тілін ұмытпай, қытай тілін үйреніңдер"» -Алматыда қалалық белсенді жастармен кездескен Парламент Сенатының депутаты Дариға Назарбаева қашанғы әдетіне басып елді ауызына қарататын бірқатар мәлімдемелер жасады. Елдің жай-күйін жақсартудың жалғыз жолы шетелге жалтақтау деп білетін Дариға ханым алматылық жастарға жатпай-тұрмай қытай тілін үйреніңдер деп кеңес берді.
QAMSHY.KZ. «ҚР азаматтығы шетелдіктер үшін $150 000 тұра ма?» - Шетелдіктер 150 мың долларға Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алатыны жайлы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. БАҚ пен әлеуметтік желіні шарлап кеткен сыбысқа қатысты «АХҚО Әкімшілігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Әйтенов осылай жауап берді.
INFORMBURO.KZ. «Сайрагүл ісі неге шешілмей жатыр? Тиісті органдар не дейді?» - Сайрагүл ісі қалай шешілуі мүмкін? АҚШ мансаптылары Қытайға шара қолдануды қайта-қайта талап етіп жатыр. Қытайға қарсы коалиция құрыла ма? Қытайда не боп жатыр?
«Экономикалық қауіпсіздік туралы бірер сөз» - Кез келген мемлекет, әлеумет пен экономикалық жүйе дағдарысқа ұшырап, қолайсыз жағдайда қалады. Бұл белгілі бір мөлшерде оның өміріне қауіп төндіреді. Демек, экономиканың қауіпсіздігі жайлы мәселенің туындауы заңды. Осындай жағдай қоғамның экономикалық, саяси, мәдени жақтарын қамтыған терең және өте маңызды трансформациялау кезеңінде қалыптасты.
«Болашақта жер телімдері электронды жолмен жалға беріледі» - Мемлекеттік меншіктегі жер телімдерін шаруа және фермерлік шаруашылықты жүргізу үшін жалға алғыңыз келді делік. Конкурсқа үйде отырып-ақ қалай қатысуға болады?
«Астанаға газ тартуға зейнетақы қорынан ақша алудың не қажеті бар?» - Қазақстандықтардың БЖЗҚ ақшасы өздерінің өмір жағдайларын жақсартуға жұмсалып жатыр деп есептейді Д.Ақышев.