Атырау, 26 желтоқсан 06:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Жастардың енді өз үйі бар

1 884 просмотра

Таяуда қаладағы балалар үйлерінің бірінен түлеп ұшқан жастарға Құлсары қаласынан 3 үй берілді.

Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ізбасар ЕЛТЕЗЕРОВТЫҢ айтуынша, жыл аяғына дейін ауданға 66 жас маман келеді деп күтілуде. Ал оларды баспанамен қамтамасыз ету үшін ауданнан тағы да 30 пәтер бөлу қарастырылып отыр.

- Жетімдер үйінен шыққан балаларды баспанамен ғана қамтып қоймай, оларға жұмыс тауып беріп, жас отбасылардың бүлдіршіндерін балабақшаға орналастыруды да міндетімізге алып отырмыз. Және де жөндеуден өткен жиһазы бар үйлерді алуға тырысудамыз, - дейді І.Елтезеров.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

8 тамыз 2012, 21:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.