Атырау, 23 сәуір 14:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Шабақтар құтқарылды

2 118 просмотра

Махамбет аудандық балық қорғау инспекциясының бөліміне қарасты «Безымянный» су айдынынан мыңдаған шабақтар құтқарылды.

Шабақтарды көлден өзенге жіберу науқанына «Теңізшевройл» ЖШС-нің 50 қызметкері қатысты.

- Бұрын бізге бұл жұмыста мектеп оқушылары жәрдемдесетін. Бірақ 10 жылдан бері ешбір ұжым шабақтарды құтқаруға тілек білдірмей келді. ТШО қызметкерлерінің бастамасы бізге қуаныш сыйлады. Табиғат жәндіктері де жаңа өмірге бет алды. Бұл жолы 1 760 шабақ көлге жіберілді. Ал жыл басынан бері 3 млн 778 мың шабақ құтқарылды. ТШО қызметкерлері 11 тамызда тағы келмекші, - дейді ихтолог Нәсіпгүл БАҒЫТЖАНОВА.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

8 тамыз 2012, 21:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.