INFORMBURO.KZ. «ЕАЭО: Қаржы нарығындағы заңнамаларды унификациялау туралы келісімге Ереванда қол қойды» - Қазақстандық сарапшылар валюта нарығында Ресей мен Қазақстанның ұлттық валютасы бәрінен қатты зардап шеккенін айтып жатыр. Беларусьте валюталық құбылмалылық 2011 жылдың наурызында байқалды. Сол жылы наурыздың 24 күні Ұлттық банкі беларусь рублін 56 пайызға құнсыздандырды.
«Бас банкир 120 мың жалақымен қалай пәтер алуға болатыны туралы айтты» - Ұлттық банк төрағасы Д.Акишевтің айтуынша, 10 млн теңгенің пәтеріне бастапқы жарнаға әуелі 2 млн теңге көлемінде қаражат құйылады. Содан кейінгі ай сайынғы төлем 57 мыңды құрайды. Несие бойынша қарыз кірістің жартысынан аспауы тиіс деген заңдылық бар. Яғни банктің мақұлдауы үшін үміткердің 120 мыңдай жалақысы болуы керек. Бағдарлама тиімділігін арттыру үшін оған өзгерістер енгізіліп жатыр.
AIKYN.KZ. «Бейбарыс мешітінің құрылысы жалғасады» - Бейбарыс Сұлтан мешітін қайта қалпына келтіру жобасының тағдыры белгілі болды. Еліміздің Сыртқы істер министрлігінде ақпарат құралдары өкілдерімен кездескен Қазақстанның Египеттегі елшісі Арман Исағалиев қазақ – мысыр ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы айтып берді.
«Медицина, әлсіз бе едің әлі сен?» - Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында медициналық қызмет сапасына ерекше мән берді. Әсіресе, ауылдық жерлердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуы құнтталды. Келесі жылы Астанада Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықтың құрылыс басталатын болды.
QAZAQUNI.KZ. «Қытай билігі саяси лагерлердің бар екенін мойындауға мәжбүр болды» ҚХР ШҰАА (Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы) халықаралық өкілдерінің 13 шақырылымының отырысында Қытай билігі өз елінде саяси лагерьлердің барын мойындады. Бұл туралы «Настоящее время. Азия» порталының материалында айтылды, деп жазады qamshy.kz.
BAQ.KZ. «”Қайратты” қандай өзгерістер күтіп тұр? Боранбаев не дейді?» - Осыдан бірнеше күн бұрын Алматының «Қайрат» футбол клубының ел біріншілігінде неліктен чемпиондық атаққа қол жеткізе алмай жүргенін саралап көрген болатынбыз. Кеше яғни, 15 қазан күні клубтың қадағалау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев журналистермен баспасөз мәжілісін өткізді. Тілшілермен кездесу барысында клуб қожайыны Алматы қаласының намысын қорғап жүрген футбол ұжымындағы өзгерістермен құлағдар етті.
DALANEWS.KZ. «Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші кім?» - Тәуелсіздіктің елең-алаңында әлемге әйгілі шетелдік компанияларды ел қойнауындағы қазба байлықты игеруге шақырып, осы арқылы экономиканы “тірілтуге” тырысқан еді біздің ел. Соған орай – Шетелдік инвесторлар кеңесін де құрған. Мемлекет осы арқылы үкімет пен шетелдік инвестордың арасында емен-жарқын диалог орнатуды мақсат тұтқан-тұғын.
QAZAQTIMES.COM. «Асылбек Снадин: Өзбекстанда Каримовтың инерциясы әлі бірнеше жыл сақталады» - Өзбекстан мемлекетіне Шавкат Мирзиеев басшы болып келгелі бері бірқатар өзгерістерді қолға алған. Ол елдің демократиялық таңдауын құп көргендей ниет танытып, саяси және қоғамдық өмірде біраз еркіндік бергендей болды. Біреулер оның бұл әрекеті – көзбояушылық десе, енді бірі – Мирзиеев бұған дейінгі қалыптасқан саяси кедергілерді жояды дейді. Соңғы уақытта көрші елде бұрынғы президент Ислам Каримовтың атын телеарналарда атамау туралы әңгіме тарап, тіпті бұл – жоғарыдан келген ресми бұйрық деген пікірлер де пайда болды. Осы ретте дінтанушы, сарапшы Асылбек Снадинмен ой бөліскен едік.
«”Brexit” дауы Ирландияны айналып өткен жоқ» - Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығу туралы шешімі біршама түйткілді мәселелерге әкеп соқты. Мемлекеттік құрылымы мен діні өзге Солтүстік Ирландия және Ирландия арасындағы шекара мәселесі соның дәлелі.