QAMSHY.KZ. «Зейнетақы қорында қанша қаражат қалды?» - Өткен аптада тағы да зейнетақы қорындағы қаражат туралы әңгіме шықты. Елбасы Жолдауында басымдығы бар жобаларға қолжетімді несие беру міндетін шешу үшін Ұлттық банкке кемінде 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлу тапсырылды. Яғни, еліміздің бас банкі осыншама қаражатты екінші деңгейдегі (коммерциялық деп оқысаңыз да болады) банктерге үлестіріп беруі керек екен.
ABAI.KZ. «Шенділер халықтың алғысын емес, қарғысын алып отыр» - Елімізде құзіретті органдардың қызметі көпшіліктің көңілін көншітпей келеді. Әсіресе құқық қорғау органдарының жұмысы мүлде сын көтермейді. Халықтың қауіпсіздігін қорғап, елдің тыныштығын сақтауға міндетті полиция қызметкерлері елдің алғысын емес, қарғысын көп алатын секілді.
«Байбек: 2035 жылы Алматы халқы 3 млн.-нан асады» - Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қала активімен кездесуде Елбасы жүргізіп отырған экономикалық тұрақтылық, бірлік пен келісім сынды салиқалы саясаттың арқасында халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін мемлекеттің әлеуметтік шығындарды арттырғанын атап өтті.
INFORMBURO.KZ. «Елбасы ашқан мектепте мерзімі өтіп кеткен азық-түлікпен, шіріген жеміс-жидекпен балаларды тамақтандырған» - 2019 жылы ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге көбейеді. Ал 8 млн қазақстандықтың жеке табыс салығының көлемі азаяды. Сондықтан қазынаға түсетін салықтық түсімдер 10.5 млрд-қа қысқарады. Оның орны республикалық бюджет есебінен толтырылады.
«7-20-25 бағдарламасымен кімдер баспана ала алады?!» - Ипотекалық несиені 2018 жылдың екінші жартысынан кейін бере бастады. Оның шарттары қандай, банктерге қандай талаптар қойылған?
«Өзгеру немесе қалу. Қазақстандағы цифрлық трансформация қандай қиындықтар мен бастамалар әкеледі?» - Астанада өткен Qazaqstan Technology форумында шетелдік сарапшылар Қазақстанның бүгінгі инновациялық экожүйесіне баға беріп, жаңа сын-тегеуіріндерге тоқталды.
AIKYN.KZ. «Жастар неге кетеді, жайлы болса…» - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы Жолдауында білім қуған жастардың көрші елдердің жоғары оқу орындарында білім алып жатқаны туралы айтқан еді.
AZATTYQ.ORG. «Сооронбай Жээнбековтің биліктегі бір жылы» - Саясаттанушылардың айтуынша, Сооронбай Жээенбеков елді басқарған бір жылдың ішінде Қырғызстанның ішкі саясатында бірқатар түбегейлі өзгерістер болған.