Атырау, 2 желтоқсан 01:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Алдымен – Алматыға, содан соң...

2 380 просмотра

Мұнай және газ министрлігі еліміздің ішкі нарығындағы сұйытылған газдың көтерме сату бағасының мөлшерін бекітті.

Ағымдағы жылдың 11 тамызында сұйытылған газдың көтерме бағасы бекітілген шекті құннан аспауы тиіс – бір тонна үшін қосылған құнға салықты есептемегенде 35 805 теңге (ҚҚС-мен 40 000 теңгеден сәл аса түседі). Баға 30 қыркүйекке дейін жарамды.

Біздің облыста сұйытылған газды көтерме сатумен айналысатын жалғыз оператор бар - «Стандарт-газ» ЖШС. Бүгінгі күні ол көгілдір отынның бір тоннасын 38 826 теңгеден немесе бір литрді 23 теңгеге шығарып отыр.

Ал тәжірибе көрсетіп отырғандай, төменгі көтерме бағасы соңғы тұтынушы үшін жеңілдік болып тиіп жатқан жоқ. Және, бөлшек сауда нарығына ықпал етпейді. Біз газ бағасының ауытқушылығынан жергілікті автомобильге газ құю стансаларында мамырда бір литр бағасы – 60-70 теңгеге көтерілгенін жазған болатынбыз. Бүгінде «Стандарт-газ» сұйытылған газдың үлкен бөлігін Алматыға және Алматы облысына жөнелтіп отыр. Бірақ, облыстық әкімдікте хабарлағандай, жаңа меморандум дайындалып жатыр. Енді күні ертең-ақ облыстың ішкі нарығының бұл проблемасы біздің пайдамызға шешілуі тиіс.

Сәуле ТАСБУЛАТОВА

8 тамыз 2012, 21:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.