Атырау, 28 қараша 20:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Немістер бізге мойын бұрды

2 275 просмотра

1 тамызда облыстық әкімдікте Германиядан келген делегациямен кездесу болды. Облыс әкімі Бергей РЫСҚАЛИЕВ (сол күні ол Астанада болды) болмағандықтан қонақтарды оның орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ қабылдады.

Қазақстандағы ГФР елшісі Гидо ХЕРЦ және елшіліктің консулдық құқықтық жетекшісі Йенс Михаэль БОППТЫ облыстық әкімдікке «Атырау облыстық дезинфекциясы» ЖШС директорының орынбасары және «Видергебурт» неміс ұлттық мәдениет орталығының жетекшісі Александр ДУМЛЕР бастап келді. Шамасы содан да болар, қонақтар өздерін «ақ үйде» барынша еркін сезінді.

Херц мырза Атырау облысын экономикалық тұрғыдан алғанда еліміздің басты аймағы деп есептейтіндігін, дегенмен бұл жерде ГФР компанияларының аса көп еместігін мәлімдеді. Б.Дәукенов олардың бұл пікірімен келісті де алдағы жоспарларға тоқталып өтті: алпауыт газ-химия кешені жобасының аясында біздің аймақта барлық жеңілдіктер және бизнес үшін еркін экономикалық аймақ құрылды. Еркін экономикалық аймақта 300-дей компания жұмыс істейді деп жоспарланып отыр, оның ішінде неміс компаниялары да болуы мүмкін.

Елші бұл идеяға қолдау таныта отырып, Германияда мұнай-химия саласына маманданған ірі компаниялардың жоқ екендігін атап өтті. Бірақ, Дәукеновтің айтуынша, аймаққа мұнай-химиямен қатар фармацевтика, медициналық жабдықтар өндірісі, құрылыс индустриясы саласында жаңа технологиялар да қажет.

- Келер жылы бастау алатын мемлекеттік «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасы аясында еліміздің 10 ірі қаласында неміс технологиясы бойынша үй құрылысы комбинаттарын құру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде атыраулық бір фирма Атырауда үй құрылысы комбинатын құру жөнінде германиялық серіктестермен келіссөздер жүргізуде, - деді ол.

Дәукеновті біздің мамандарымызды Германияның жоғары оқу орындарында оқыту және ондағы клиникалардан атыраулық дәрігерлерді тәжірибеден өткізу мүмкіндіктері қызықтырды.

- Германиядағы медицинаның қандай деңгейде екендігі маған белгілі. Менің өзім Мюнхенде екі рет дәрігерлік тексеруден өттім, - деп мәлімдеді әкім орынбасары.

Херц Германияның ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен осы бағытта бірлесе жұмыс жасауға кіріскендігін хабарлады. Дәукенов атыраулық биліктің өздерін ұсынған клиникалармен тікелей бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін атап өтті.

- Мен бұл жағдайда біздің іскерлік қатынастарымыздың жедел дамитындығына келісемін және түрлі салалар бойынша, оның ішінде медицина саласында бірлесе қызмет атқару үшін Германияның нақты бір аймақтарымен байланысты жақсартуға кеңес берер едім,- деді елші.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

8 тамыз 2012, 21:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.