Атырау, 28 наурыз 14:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Shell "ҚазМұнайГаздағы" үлесін сатып алудан бас тартты», «Азат Перуашев шенеуніктердің айла-шарғысын әшкереледі», «Қадыров қоры "игі істерді" кімнің есебінен атқарады?», «Ингушетия мен Шешенстан арасында соғыс басталуы мүмкін бе?».

1 730 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Журналисті өлтіргені расталса, Сауд Арабиясы "қатаң жазаланады"» - АҚШ президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына берген сұхбатында жоғалған журналист Жамал Хашоггидің Стамбулдағы Сауд Арабиясы консулдығы ғимаратында өлтірілгені расталса, Сауд Арабиясын "қатаң жаза" күтіп тұр деп мәлімдеді.

«Қоғамдық ұйым тәңіршілдікті дін деп тануды сұрайды» - Қырғызстанда тәңіршілдікті дін ретінде тану мәселесі тағы көтерілді. Бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері арнайы тіркелмегендіктен тәңіршілдік идеясын таратып, іс-шаралар өткізе алмайтынына наразы.

«Shell "ҚазМұнайГаздағы" үлесін сатып алудан бас тартты» - Батыс баспасөзі Shell компаниясының тәуелсіз тексеру нәтижесіне сүйеніп, "ҚазМұнайГаз" компаниясындағы үлесін сатып алу жоспарынан бас тартқанын жазған. "Союз" апатқа ұшыраған соң АҚШ жеке ғарыш бағдарламасын дамыту туралы көбірек айта бастады. Қазақстанда төрт бүркітті еркіндікке жібереді.

«Қонақбаев пен Рахимов AIBA-ны басқару үшін жекпе-жекке шықты» - Олимпиада боксының болашағы Орталық Азиядағы бокс басшыларының арасындағы “жекпе-жектің нәтижесіне” тәуелді болып тұр.

«Қадыров қоры "игі істерді" кімнің есебінен атқарады?» - Ахмат Қадыров атындағы қайырымдылық қоры игі істерімен көзге түскенді ұнатады: Шешенстан басшысының шамасы жетпей жатқан жерде анасы, қор төрайымы Аймани Қадырова көмекке келеді.

QAMSHY.KZ. «Азат Перуашев шенеуніктердің айла-шарғысын әшкереледі» -Президенттің Жолдауы салық саясатындағы анахронизм мен кәсіпкерлерге айыппұл және өсімақылар салу мәселесінде мемлекеттік органдардың ептілігін көрсетті – «Ақ жол» депутаттар көтерген бастамаларға шенеуніктердің айла-шарғы жасағанын әшкереледі деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметіне сүйене отырып.

«Ингушетия мен Шешенстан арасында соғыс басталуы мүмкін бе?» - Соңғы 15  күннен бері Ингушетияның астанасы Магас қаласында тыныштық жоқ. Әңгіменің тоқетері – Шешенстан мен  Ингушетия арасындағы жер дауы. Бұл бүгіннен емес, сонау өткен ғасырдан тоқсаныншы жылдарынан бастау алған. Шиеленіс соңғы екі аптада шарықтау шегіне жетті десе де болады. Көшеге, елдің орталық алаңына он мыңдаған халық шықты.

«Хабиб Нұрмағамедов: Ұлымның менің жолымды қайталағанын қаламаймын» -Жанкүйерлер менің рингке төбелеске шыққанымды ғана көреді. Өмірімнің басқа жағынан көп хабарсыз. Осы уақытқа дейін маған қаншама рет операция  жасалды. Аяғыма, қолыма, арқама, қабырғама... Осыдан бір –екі жыл бұрын «салмақ қуамын» деп өлім аузынан қалдым. Спорттың жолы өте ауыр. Сен спорт жолында жанкешті тер төгесің, бірақ бір сәтте мүгедек болып қалуың мүмкін.

ELORDA.INFO. «Қытай саясатынан қандай қауіп бар?» - Қазіргі уақытта АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы, бір-біріне қарсы жаңа талаптар қоюы әлемдік баспасөз бен халықаралық қатынастарды зерттеуші мамандардың басты тақырыбына айналды. Екі тарапта бір-бірінің әкелген тауарларына кеден салығын өсірді. Трамп Қытай әділетсіз сауда жүргізіп отыр. Бұл АҚШ-ты зиянға батыруда. Дегенмен, Қытайдың сыртқы рыноктарға енуі және оларды біртіндеп өзінің ықпал ету аймағына айналдыруы бүгін немесе кеше басталған жоқ. Бұдан ертерек басталды. Оны жан-жақты қарастырған жөн.


15 қазан 2018, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.