Атырау, 26 желтоқсан 06:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Кеденге де кезек келді

2 017 просмотра

Аймақтық аттестаттау комиссиясы 2012 жылы 7 тамызда өзінің жұмысын бастады. Бұл жолы Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің құқық қорғау бөлімінің 24 қызметкері сынақтан өтпек.

Біз бұған дейін Кедендік бақылау департаментінің бастығы Құрманғали ТАСМАҒАМБЕТОВТІҢ аттестаттаудан өткендігін хабарлаған едік. Ал, оның құқыққорғау жөніндегі орынбасары Саламат БЕКМҰХАНОВ жоғары аттестаттау комиссияcының шешімімен атқарып отырған лауазымдық қызметіне сәйкес емес деп танылып, лауазымынан төмендетілетін болады. Әзірге ол ҚР кедендік бақылау комитетінің құзырында қалады.

Құқық қорғау бөлімінің бес қызметкері орталық аттестаттау комиссиясының сынағынан өтті. Олар контрабандамен күрес жөніндегі басқарманың бастығы мен оның орынбасары, сондай ақ, ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы мен оның екі бас маманы. Енді қалған қызметкерлер емтиханды облыста тапсыруда.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

8 тамыз 2012, 21:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.