Атырау, 24 сәуір 17:33
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

«Ресей Қазақстанды мәжбүрлегелі жатыр», «БЖЗҚ зейнетақы жинағының 40 млрд теңгесін қайтара алмай жүр», «Хабиб Нұрмағамедов UFC-ге: Менен айырылдым деп ойлай беріңдер», «Ресей конституциясы өзгеріп, Путин билікте қала ма?», «Самал».

2 135 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Қамалғандар арасында "жасы 80-ге таяған әже де бар"» - "Қытайда туыстарымыз жазықсыз қудаланды" деген бір топ адам Алматыда кезекті рет жиналып, Қазақстан билігінен көмек сұрады.

«Ресей конституциясы өзгеріп, Путин билікте қала ма?» - Ресейдің конституциялық сот төрағасы Валерий Зорькин Ресей конституциясын реформалау жайлы мақала жазды. Онда төртінші президенттік мерзімі аяқталған соң Владимир Путинді билікте қалдыру жолы ретінде мемлекеттік құрылымды өзгерту мен "ұлт көшбасшысы" атты сайланусыз берілетін лауазымды тағайындауды ұсынған.

«Қуғындағы Тибет басшысы: "Шыңжаңдағы жағдай басымыздан өткен"» - Қуғында жүрген Тибет үкіметінің басшысы Лобсанг Сангай Шыңжаңдағы аз ұлттар мәселесі Тибеттің басындағы жағдаймен бірдей деп санайды. Азаттыққа берген эксклюзивті сұхбатында Лобсанг Сангай осы үндестік туралы, Пекиннің саясаты мен оның салдарына қатысты пікірін айтты.

«Байқоңырдан ұшырылған "Союз" кемесінен ақау шықты» - Байқоңыр ғарыш айлағынан 11 қазан күні ұшырылған "Союз" ғарыш кемесінен ақау шықты. "Роскосмостың" хабарлауынша, кемеде "штаттан тыс" жағдай болған.

QAMSHY.KZ. «”Ағайынды төртеу” лидерінің мал дәрігерінен мафиозиге дейінгі өмір жолы» - Бұрынғы комсомол Қазақстандағы ең ірі қылмыстық топты қалай басқарды? Достары кімдер? Қарамағындағы адамдар ақшаны қалай тапты? Он екі жылға не үшін сотталды? Today.kz  Еркін Ізбасаровқа қатысты осы және атауы бастапқыда «Ағайынды төртеу» кейін «Айшуақ Жантүгел» деп ауыстырылған қылмыстық топ туралы ақпаратты жинастырыпты.

«Хабиб Нұрмағамедов UFC-ге: Менен айырылдым деп ойлай беріңдер» - Лас-Вегаста болған жекпе-жектен кейінгі дау әлі күнге дейін өз шешімін таппады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Еске салсақ, дағыстандық Хабиб Нұрмағамедов төртінші раундта Конорды тұншықтыру тәсілімен жеңген болатын. Мұны кұтпеген жанкүйерлер шулай жөнеліп, Конордың командасындағы Диллона Данис пен Хабиб Нұрмағамедовтың арасында төбелес басталды. Кейін Конор мен Хабибтің командасындағы жас спортшы Зубайра Тухуговтың арасында да кикілжің басталып, соңы төбелесске ұласты. Төбелеске араласқандардың қатарында Әбубәкір Нұрмағамедов пен Эседулла Эмиргаев та болған.

365INFO.KZ. «Ресей Қазақстанды мәжбүрлегелі жатыр» - Саясаттанушы Талғат Қалиев санкцияға байланысты Ресей Қазақстанға тізесін батыра түседі дейді.

«БЖЗҚ зейнетақы жинағының 40 млрд теңгесін қайтара алмай жүр» - Елімізде 20-ға жуық жеке компания Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешегін өтемей алмай жүр. Олар қорға жалпы сомасы 40 миллиард теңгеге жуық ақша қарыз.

INFORMBURO.KZ. «Мылтықсыз майданның батыры тек шындыққа сүйенді» - Бауыржан Момышұлынан кейін мылтықсыз майданның батыры атанған халық жазушысы Шерхан Мұртаза көркем шығармаларымен ғана емес, шыншыл, бірбеткей, турашыл мінезімен қазақ халқының жадында қалды. 

DALANEWS.KZ.  «Самал» - Бүгін бәрінен ұят кетті. Ал қазақ тәрбиесіндегі ұят институты бүгіндері „ұятмэн„ болды. Осылай деп әжуалайды оны. Өстіп төмендетеді.


12 қазан 2018, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.