Facebook бірінші рет Ресейде заңсыз жеке мәліметтер алып, оны шенеуніктерге бергені үшін ондаған аккаунтты бұғаттаған.
Бұл аккаунттар Ирландияда орналасқан Social Data Hub компаниясымен байланысы бар. Әлеуметтік компанияға желі бірнеше тәулік ішінде заңсыз әрекеттерді жоюды тапсырған.
Social Data Hub компаниясын Артур Хачуян құрған. Ол 2014 жылға дейін Тина Канделакидің "Апостол" жарнама агенттігінің кибернетика бөлімінде жұмыс істеген, Fubutech кәсіпорнын басқарған. Social Data Hub коммерциялық, Fubutech мемлекеттік тапсырыстарды орындайды. Хачуян The Bell басылымына берген сұқбатында мемлекеттік органдар алған мәліметті қалай пайдаланғанына жауап беруден бас тартқан.
Хачуян РБК агенттігіне берген сұхбатында Facebook егер аккаунттарды бұғаттан шығармаса сотқа беретінін айтқан.
Social Data Hub осыған дейін өздерін мамыр айында Дональд Трамптың сайлау кампаниясында Facebook қолданушыларының жеке мәліметтерін заңсыз пайдаланды деген айыптан кейін қызметі тоқтатылған Cambridge Analytica тобымен салыстырып келген.
Дереккөз: azattyq.org