Атырау, 8 қазан 21:19
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Уақыт қожайынды күтпейді

2 212 просмотра

Шамамен осыдан екі жыл бұрын Атырау қаласының прокуратурасы қала орталығындағы бос жатқан жер учаскелерін тексеруге алған болатын. Солардың металл дуалмен қоршалғандарының бірі - Сәтбаев даңғылында «Ренессанс» қонақ үйінің жанында, бірнеше жылдан бері қала көркін бұзып тұрды. Енді ол жерде шағын бақ пайда болмақ.

Естеріңізде болса, прокуратура тексеру барысында («АЖ №2 12.01.12, «Бомждарға арналған учаске») қала орталығында меншік иелері қолданбай бос жатқан бірнеше жер учаскесін анықтаған болатын. Сол кезде прокурорлар ҚР Жер кодексіне сәйкес часке өз мақсаты бойынша 2 жыл ішінде қолданылмайтын болса, онда ол мәжбүрлі түрде алынып қойылатындығын ескерткен еді. Және осыған сәйкес, қалалық әкімдікке ұйғарым да жолдады.

Басқа учаскелермен бірге осы «Ренессанс» маңындағы учаске де аталған болатын. Оның қожайындары бұл жердегі құрылыс жұмыстарының басталғандығын, бірақ, экономикалық дағдарыс салдарынан инвестицияға қатысты проблемаларға байланысты тоқтап қалғандығын айтып ақталды. Оның үстіне құрылысшыларға жол полициясы тарапынан да, наразылық болған еді. 5 метрлік биік дуалдан Құлманов пен Ерниязов көшелері қиылысында авариялық жағдайлар жиі туындады.

Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАНЫҢ хабар-лағанындай, 30 шілдеде қалалық әкімдік және учаскенің қазіргі қожайыны «Solid Bureau» ЖШС 15 тамызға дейін металл дуалдарды алып, қыркүйекке дейін аумақты көріктендіру жөнінде келісімге келді: көшеттер отырғызып, газон, кеспе тас төсеп, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатып, жарық жүргізбекші.

Н.Қайсағалиева бұл шағын бақтың әзірге иесі қаржыландыру мәселесін шешкенше, уақытша жасалып қойылатындығын атап өтті. Жоба бойынша бұл жерде 4-қабатқа дейінгі автопаркі бар 21 қабатты бизнес орталық болуы тиіс.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 тамыз 2012, 21:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.