Атырау, 10 желтоқсан 04:24
Таңертең бұлтты-1, күндіз +1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 370.49  € 421.06  P 5.54

«Жолдау неге ерте жолданды?», «Сәтпаев: “Халық құрғақ уәдеге әбден тойды”», «Смағұлов: “Тәуелділік қажытып жіберді”», «Астана әкімдері және Бақыт Сұлтанов», «174-бап бойынша сотталғандардың өз құқықтары үшін күресі».

11 қазан 09:58

AZATTYQ.ORG. «Ғарыш саласында Ресей бәсекелесінен қалып барады» - АҚШ пен Ресей арасындағы ғарышты игеру бойынша көп жылға созылған бәсекелестік біресе өршіп, біресе бәсеңсіп тұрса да, Байқоңырға еш ықпал етпеді. АҚШ-тың амбициялық жаңа ғарыш жобалары әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының бірін тот басқан металл үйіндісіне айналдырып жібере ала ма?

«174-бап бойынша сотталғандардың өз құқықтары үшін күресі» - "Алауыздық тудыру" айыбы бойынша сотталып, жазасын өтегендер (соңғы жылдары Қазақстанда бұл баппен ондаған белсенді сотталды) банк және сақтандыру қызметін қолдана алмайды. Тіпті жеке заттарын ломбардқа да өткізе алмайды.

QAMSHY.KZ. «Астана әкімдері және Бақыт Сұлтанов» - Елордамыз ерекше мәртебе алып, қалыптасқалы бері оның тарихында көптеген әкімдер қызмет атқарды. Астана қаласының әкімі лауазымы Әділбек Жақсыбеков 1997 жылдың желтоқсан айынан қызметке кіріскен кезінен ресми пайда болды. Дәл сол уақытта Алматыдан Ұлы көш қозғалып, Сарыарқаға келіп қоныс теуіп жатқан кезі болғаны бәріміздің есімізде.

DALANEWS.KZ.  «Сәтпаев: “Халық құрғақ уәдеге әбден тойды”» - Саясаттанушы Досым Сәтпаев бұқараның биліктен әлдеқашан күдер үзгенін, құрғақ уәделер мен жалаң ұрандарға сенуден қалғанын айтып жоғарыдағы игі-жақсыларға бірқатар ақыл-кеңес беріпті. Мұны құлағына құятын атқамінер мен олардың атқосшылары табылар қояр ма, бірақ?

«Алтын сандықтың үстінде жалаңбұт отырмыз» - Шер-ағаның шығармаларымен сусындап өскен ұрпақ Камал Смайылов пен Шерхан Мұртазаның арасындағы  «Елім, сен тыңда, Елбасы, саған айтамын» тақырыбында елдік мәселелерді сөз өткен мақалалар жинағын оқымауы мүмкін емес.

«Жолдау неге ерте жолданды?» - Саясаттанушы-конфликтолог Мұхтар Сеңгірбай желідегі парақшасында биылғы Жолдаудың неліктен ертелетіп жасалғанын, оның форматы неліктен бұрынғыдан бөлек болғанын, Назарбаевтың неге көзі жеткенін тілге тиек етіпті. 

«Смағұлов: “Тәуелділік қажытып жіберді”» - Бет ауған жаққа босып бара жатқан жоқпыз ба? Рубльге, оны қойшы Ресейге тәуелділіктен қалай арыламыз? Биліктің не білгені бар? Үкімет неге шарасыз отыр? Алматыда өткен Kazakhstan Growth Forum-да осы мәселе сөз болды. Осы төңіректегі сауалдарға ашық жауап беруге тырысты сарапшылар.

«Мәскеуде арақ өндіретін 26 зауыт бар. Бізді қуып шықты» - “Өз өндірушімізді, өз нарығымызды жата-жастана қорғайтын мінез бізде жоқ” дейді қаржыгер Расұл Рысмамбетов. Айтуынша, Ресейдің соңынан сүйретіліп жүргеніміз ақыр соңы жақсылыққа әкелмейді. Бұл туралы Dalanews.kz хабарлайды.

QAZAQTIMES.COM. «Бейжіңдегі кереғарлыққа толы келіссөз немесе АҚШ-Қытай бітімге келе ала ма?» - АҚШ пен Қытай қарым-қатынасы шиеленісіп тұрған тұста, АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео Шығыс Солтүстік Азиядағы төрт елге ресми сапармен барды. 

«АҚШ Конгресі: “Қазақстандағы кез келген тұрақсыздық Уашингтонды алаңдатады”» - АҚШ Конгресінің зерттеулер жүргізу бойынша қызметкері Уилл Мэки Қазақстанды билік транзиті жағдайында не күтіп тұрғаны жайлы талдау жасады. 


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

710 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет