Атырау, 27 желтоқсан 03:30
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

"Кроттан" қашық жүріңіз

2 438 просмотра

3 тамызда «Атырау Су Арнасы» КМК журналистерге «Крот» қондырғысының іске қосылуының тұсаукесерін жасады. Қондырғыға қатысты күдікті сейілту мәртебесіне Авангард-2 ықшам ауданындағы 2 қабатты үйдегі қожайындары салқын сумен канализацияға 65 мың қарыз болып қалған пәтерлердің бірі ие болды.

Біз «Атырау Су Арнасының» борышкерлерге осы бір батыл әдісті қолдануға дайындалып жатқандығы туралы хабарладық («АЖ» 28.06.12, «‘‘Кротты’’ қолданса қиы-ын»). Міне, енді «Крот» Атырауда. Бұл қондырғы 16 қабатқа дейінгі үйлерде жалпы стояктан ішкі пәтерлік канализациялық тұрбаны уақытша жауып тастауға арналған. Ол бірнеше пластикалық шабадандарға сиып кетеді, ал, басты құрамды бөлігі – бірнеше түтіктер жататын тубус формасындағы ыдыс. Оларда тікелей жұмыс алдында шағын ғана бейнекамералар жасалады. …Күткендегідей қажетті пәтердің қожайындары үйлерінде болмай шықты немесе әдеттегідей коммуналшыларға есіктерін ашпады. АСА бақылау-ревизиялық тобының қызметкерлері Зульфия ЮСУПОВА және Нәсіп БАЛҒОЖАЕВА тұрғындардың су есептегіш құралдарды орнатудан және АСА белгілеген пәтердегі тұратындардың санына сәйкес тариф бойынша ақы төлеуден бас тартып отырғандығын түсіндірді. Контролерлер біздің бәлкім, адамдардың төлем қабілеттілігі жоқ шығар деген ұсынысымызды бірден теріске шығарды:

- Біз алдымен борышкерлер туралы бар ақпаратты жинаймыз, олар жұмыс жасай ма, жасамай ма? Біз бұл пәтерге кіре алмай жүрміз, бізге есіктерін ашпайды. Алдын-ала оларға қатаң шаралар алатындығымыз туралы ескерттік. Қарызға келетін болсақ, бұл сома сізді неге сонша таңдандырып отыр? Есептеп көріңіз, егер бір адамға су ақысы бір айға шамамен 600 теңгеден келсе, ал отбасында 4-5 адам бар десек, бұл бір айда 3 000 теңге болады, ал, бір жылда 36 мың теңге. Тек өз уақытында төлеп отырса болғаны.

АСА баспасөз хатшысы Александр ПАСТУХОВТЫҢ айтуынша, Атырауда ірі мөлшерде қарыз болып қалған шамамен 300-дей абонент (жеке тұлғалар) бар. Қарыздарының жалпы сомасы – 15 млн теңге.

Пәтер есігін қағудың кезекті әрекетінен соң, АСА екі қызметкері төбеге өрт сөндіру баспалдағы арқылы шықты. Барлық әрекет канализациялық стояктың маңынан басталды. Коммуналшылар біздің көз алдымызда жөнделген «кротты» іске қосты. Оның жүрген жолын шабадандардың бірінің экранынан бақылауға болады. «Крот» қажетті пәтердің деңгейіне түсіп, пәтерден жалпы стоякқа баратын барлық канализациялық тесікті бітеп тастады. Енді, кешіріңіз, әлгі пәтердегі унитазда нәжіс үй иесі қарызын өтегенше қалқып тұратын болады. Қарызына қоса 5300 теңге қайтадан қосу үшін төлейді. Бұл басқа пәтерлерге қатысты емес.

А. Пастуховтың айтуынша, қақпақшалар барлық борышкерлерге жетеді екен. Күн сайын қасақана төлемейтін тұрғындардың 2-3-ін «бітеп» тастау жоспарланып отыр. АСА қызметкерлері бұл жұмыстары біткеннен соң сол ықшам аудандағы тағы бір үйге баратындарын хабарлады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

8 тамыз 2012, 21:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.