ABAI.KZ. «Қазақстан кімді жақтайды, АҚШ-ты ма, Ресейді ме, Қытайды ма?» - Біз «әлемдік» дегенде ең алдымен: АҚШ, Қытай, Ресей, Англия және Еуродақ мемлекеттерін айтамыз. Бұлардың ішіндегі әлемдік саясатқа елеулі өзгерістер әкелуге қауқарлылары – АҚШ, Қытай және Ресей дер едім.
QAZAQTIMES.COM. «Голландия тарапы Ресей СІМ Лавровтың сөзін жоққа шығарды» - Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресейліктердің Нидерландыға барған сапарында химиялық қаруды пайдалануға тыйым салатын ұйымның мәліметтері ұрланбаған деп мәлімдеді.
INFORMBURO.KZ. «Жапон мен қазақ: Жақын мен қашық» - Хоккайдо университетінің профессоры Уяма Томохиконың дәрісін тыңдағанда екі елдің бір-біріне қол созуына жеткілікті себептер барын байқаймыз.
«Баспана бағдарламасына бөлінген 50 млрд теңгені кімдер алады?» - Ол бюджеттік сала қызметкерлеріне "7-20-25" ипотекалық бағдарламасының бастапқы жарнасын төлеу үшін беріледі. Жыл соңына дейін 10 мың сертификат тапсырылады. Елбасы Жолдауындағы тапсырмаға сәйкес баспана бағдарламасына қатысушыларды ынталандыру мақсатында бюджеттен кем дегенде 50 млрд бөлінеді. Сертификат қайтарымсыз әлеуметтік көмек немесе ұзақ мерзімді пайызсыз кредит ретінде беріледі, үміткерлерді жергілікті әкімдік анықтайды.
«Қазақстандық тауар өтпей ме, әлде тұтынушысына жетпей ме?» - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандық жеңіл өнеркәсіпке берген бұл жолғы бағасы "Халық тұтынатын тауарларды өзімізде көптеп шығару керек. Біз мұны ұмыттық. Егер, сіздер киген шетелдік киімді алып қалсақ, сіздер тыр жалаңаш қаласыздар" деген ащы әзілімен түйреп өтті.
AZATTYQ.ORG. «Қырғызстанда мерекелік шараларға мораторий жариялауды ұсынды» - Жогорку Кенеш депутаты Ақылбек Жаманқұлов жыл бойы ұйымдастырылатын "ұсақ-түйек шараларға" бюджеттен үш миллион доллар кететінін айтты. Бұл шығынға депутат Көшпенділер ойынын қоспаған. Жаманқұлов мемлекеттік салтанатты шараларға кем дегенде бір жыл мораторий жариялауды ұсынды.
«Виктор Храпунов сырттай 17 жылға сотталды» - Алматы соты ерлі-зайыпты Храпуновтар мен оларға қатысты қылмыстық іс бойынша айыпталған он адамға сот үкімін оқыды.
QAMSHY.KZ. «Хабиб Нұрмағамедов қатты қорқатын әкесі жайлы не білеміз?» - «Дағыстандықтар медальсіз қалса да, намыстарын таптатпай ер мінезін сақтап қалуы тиіс». Бұл күні кеше ирландиялық МакГрегорді жеңіп, чемпиондық белбеуін сақтап қалған боксшы Хабиб Нұрмағамедовтің әкесінің айтқан сөзі. Абдулманап Нұрмағамбетовтің есімін бүкіл Ресей біледі, сыйлайды. Себебі ол еркін күрестен, самбодан бірнеше чемпионды тәрбиелеген бапкер. Ал сол елге сыйлы адамнан ұлы Хабиб қорқады. Неге? Абдулманап Нұрмағамедов деген кім? Шолу жасап көрелік...